Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жатыр
Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жатыр
3 жыл бұрын 5502 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар микропластиктің беткі жағынан адам мен өзге де тіршілік иелеріне өлімге дейін апаратын аса қауіпті бактерия тапты. Осыған байланысты микропластиктің саңырауқұлақ бактериясының күллі әлемге таралуына ықпал ету ықтималдылығы жоғары. Ғалымдар осыған алаңдап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Микропластиктің саңырауқұлақ бактериясының күллі әлемге таралуына ықпал ету ықтималдылығы жоғары дейтініміз, бүгінде микропластиктің кез келген ортадан, соның ішінде, ауадан, топырақтан, судан, т.б. кездеседі, тіпті, адам аяғына баса бермейтін Антарктидан, Эверест шыңынан да табылғанын айта кету керек, соған орай микропластиктің аса қауіпті бактерияның таралуына сөзсіз ықпал етеді. Ғалымдар анықтағандай, патогенді саңырауқұлақ топырақтағы микропластикті өзінің тіршілік ету ортасына айналдыруда. Неміс ғалымдары Кенияның батысындағы елді-мекен маңынан алынған топырақ құрамынан саңырауқұлақ өскініне талдау жүргізген екен. Бұл бағыттағы зерттеу топырақ құрамындағы микропластиктегі саңырауқұлақ қоғамдастығын зерделеген алғашқы зерттеу. Микропластктен табылған саңырауқұлақ өсімдікке, жануарларға, адамға қауіпті. Патогенді микроорганизмдер микропластиктің беткі жағын адгезиялық (жабысқақ) қасиетімен жаулап алған. Бұдан бөлек, олар аса қуатты күн радиациясы мен жылуға төтеп бере алатын төзімді болып келеді. Ғалымдар саңырауқұлақтың микропластиктің беткі жағында, яғни,  пластисферде тек өсіп қоймай, сонымен қатар, көбеюіге қабылетті болып шыққан. Ең қорқыныштысы сол – микропластикте адамға және өзге де тіршілік иелеріне аса қауіпті қара саңырауқұлақ және криптококты ашытқылы саңырауқұлақ түрлері жиналған және топыраққа қарағанда микропластикте мол шоғыры табылған. Ғалымдар микропластиктегі саңырауқұлақ бактериясының бар-жоғын анықтау үшін осы заманғы озық технологияның көмегіне жүгінген: визуализация, сканерлеу, микроскоп, конфокалды лазерлі сканерлеуші микроскопия. Метабаркодирлі анализ нәтижесі көрсеткендей, микропластиктегі сағырауқұлақ топырақ құрамындағы саңырауқұлақтан айрықшаланған. Яғни, қауіпті сипат алған.

Ұқсас материалдар:

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат