АҚШ пен Қытайдың кері әсері: Азия елдері қауіпті қару-жарақ жарысына түсуде
АҚШ пен Қытайдың кері әсері: Азия елдері қауіпті қару-жарақ жарысына түсуде
2 ай бұрын 1018 Қытайдың "Доңфың-26" баллистикалық зымыраны. Фото: VAO

Азиядағы, әсіресе Азия-Тынық мұхит аймағындағы қатынастарға АҚШ пен Қытайдың өңірдегі бәсекелестікке құрылған қарым-қатынасы айрықша әсер етуде. Бұл жайында qazaqtimes.com ақпарат көзі мәлім етеді.

Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Азиядағы шағын елдердің өзі АҚШ пен Қытайдің ізін қуалап, алыс аралықты зымыран арсеналдарын дамытып, қауіпті қару-жарақ жарысына бет бұруда. Қытай «Dongfeng-26» деп аталатын 4 мың шақырымға дейін ұшып жете алатын көп мақсатты баллистикалық зымыранын жаппай өндіруде. АҚШ-та Азия-Тынық мұхит аймағында Қытаймен жарысқа түсіп көптеген жаңа қаруларды жасап шығарды. Осы тұста Қытайдың қаупінен алаңдау және АҚШ-қа деген тәуелділіктен арылу мақсатында аймақтағы шағын елдер де түрлі алыс қашықтыққа арналған зымырандарды сатып ала бастады немесе өз зымыран өндірісін дамытып жатыр. Бұл соңғы жылдарда айқын көрініп келе жатқан қауіпті өзгеріс.

Әскери сарапшылар, дипломаттар мен эксперттер осы он жылдықтың соңына дейін Азия елдерінің зымырандармен қарулануы тенденцияға айналады деп алаңдайды. Бұрынғыдан әлде қайда жетілдірілген, барынша алысқа ұшатын және тез ұшып, жойқын соққы беретін зымырандар азияның көптеген шағын елдерінде болады деп санайды.

«Рейтер» агенттігі Азиядағы бұл қауіпті өзгерістерге қатысты сарапшылардың пікірлерін жария етті. Онда көптеген сарапшылар Азиядағы қару-жарақ жарысының тез дамып бара жатқанын айтқан. Осы сала мамандарының зерттеу қорытындысына айтылғандай, алыс аралықты зымырандардың бағасы жылдан жылға арзандап, оған ілесе бұндай зымырандардың дәлдігі барған сайын жоғарылап келеді. Ондай зымыран арсеналына ие болған елдің көршілері де онымен бәсекелесуге ниетті бола түспек. Қазіргі заман әскери іс-қимылдарда, қорғаныс, тіпті саясатта да басқарылмалы зымырандардың маңызы жоғары. Олар дұшпанының шабуыл жасауға деген тәуекелін әлсіретеді, қарсы соққы беру тәуекелін жеңілдетеді. Соған қоса одақтастарының ортасындағы ықпал беделін арттырады, соған сай геосаясатта да өзіндік әсерін жасайды. Орта-шағын елдердегі зымырандардың көбеюі алпауыт елер арасындағы бәсекеге де өзіндік әсерін тигізуде.

Өткен ғасырдың тәжірибесі көрсеткендей, қару-жарақ жарысына түскен елдер аса қауіпті әрі ауқымды жаһандық соғыстың білтесін ұстап тұрады. Ешбір ел екіншісінен бұрын жарыстан шығып қалғысы келмейді, бұл шиеленістің шексіз күшейе беретіні сонша, соңы дағдарыс пен соғысқа алып келмек. Әрине, зымырандардың болуы кейбір елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, келісімдерді сақтап тұруға, орнықтылық пен қауіпсіздікке кепілдік етуге мүмкін береді. Алайда, бұндай жағдайдың ұзақ мерзімге тепе-теңдігін жоймай сақталып тұруына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан да Азиядағы «зымыран жарысы» түбі қайда апарып соғатыны белгісіз.

“The Qazaq Times” 

0 пікір
Мұрағат