Адамзатқа төнген 17 қауіптің арасында аталған семіздік індетін анықтаудың жаңа тәсілі енгізіледі
Адамзатқа төнген 17 қауіптің арасында аталған семіздік індетін анықтаудың жаңа тәсілі енгізіледі
6 минут бұрын 8 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Семіздік организмді зақымдап қоймайды, сонымен бірге, менталды денсаулығына да (психологиялық жай-күйі) да орасан зор зиянын тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Артық салмақ адамның денесін деформацияға ұшырататындықтан түрлі кемсітуге ұшырайды, күйзеліске бой алдырады, әлеуметтік оқшаулануға алып келеді. Бұл тараптағы зерттеуде DALY көрсеткіші (толыққанды өмір, сапалы өмір көрсеткіші) пайдаланылған. Семіздік - созылмалы дерт, салдары - жүрек-қан тамыр аурулары, екінші типті сусамыр, бауыр мен бүйрек ағзаларының қызметі төмендейді, қатерлі ісіктің кей түрлеріне бастайды, гормондық ауытқу орын алады, қозғалу тірегі аппаратына салмақ түседі. Адамдардың әрбір сегізіншісі артық салмақтан зардап шегеді. 2024 жылы Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес 1,1 млрд-тан аса адам артық салмақ қосқан. Осы уақытқа дейін семіздік диагнозының бір ғана өлшемі қолданылып келген еді - дене салмағының индексі. Бұл өлшемде бойдың ұзындығы мен дене салмағының арақатынасы қаперге алынады немесе ескеріледі. Мұндай әдіс пациенттер мен сарапшылар тарапынан сынға ұшырап келген еді - адам денсауолығының шынайы көрсеткіші бола алмайтынын алға тартып келеді. The Lancet Diabetes & Endocrinology мерзімді басылымы осы талас-тартысты шешу үшін халықаралық сараптау комиссиясын жинап, семіздіктің клиникалық және клиникаға дейінгі нысандарын бөле отырып, жаңа сыныптамасын ұсынды. Біріншісі - артыққ салмақтан ағзалар мен тіндердің зақымданған түрі, екіншісі - ағзалар мен тіндер сақталған түрі. Диагностика үшін май тінінің салмағын тікелей өлшеу, ал мүмкін болмаған жағдайда - дене салмағының индексін кем дегенде бір антропометриялық өлшеммен (бел шеңберімен, бел шеңберінің сан шеңберіне немесе бойына қатынасымен) міндетті түрде толықтыру ұсынылады. Жаңа жіктемені енгізудің ықтимал әсерін бағалау үшін Лондон королдік колледжінен Франческо Рубино мен оның әріптестері төрт ірі когортаның 844,1 мың ересектерінің деректерін пайдаланды: қытайлардың Kailuan, британдық UK Biobank, америкалық All of Us және испандық SIDIAP. Ұсынылған диагностикалық өлшемге сәйкес семіздік үш жағдайда расталды. Алынған нәтижелер семіздіктің ұсынылған жаңа жіктемесінің немесе санатының қолданыстағы өлшеммен салыстырғанда анағұрлым дәлдігі мен маңыздылығын көрсетіп берді. Осыған байланысты жаңа жіктемені әлемдік денсаулық сақтау саласына енгізуі мүмкін. Америкалық кардиологиялық қауымдастықты қоса алғанда, ондаған медициналық ұйымдар жаңа жіктемені қабылдады. 

0 пікір
Мұрағат