Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
2 минут бұрын 3 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жыл сайынғы 11.11 жаппай арзандатып сату науқаны қарсаңында Қытайда пайдаланушыларға импулсивті сатып алумен күресуге көмектесетін ерекше Wallet, Please Wait («Әмиян, күт») қызметі халық арасында кеңіннен танылып келеді. . Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақшаны басы артық бұйымдарға жұмсаудың орнына, пайдаланушылар алдымен халықпен ақылдасады, яғни, өзі сатып алғысы келген затын бейтаныс адамдардың дауыс беруіне шығарады. Егер көпшілігі қолдаса немесе мақұлдаса, сатып алады. Ақша үнемдеуге көмектесетін қосымша сауда барысында тұтынушы таңдаған тауардың қажеттілігін сараптауға көмектеседі. Сатып алғысы келетін адам тауарды, бағаны, сатып алу себептерін және мүмкін болатын арзан баламаларды көрсетеді. Содан кейін өтінімді туыстарына жібереді немесе ортақ желіде жариялайды - онда басқа пайдаланушылар өз ұстанымдарын міндетті түрде түсіндіре отырып, «жақтайды» немесе «қарсы» дауыс береді. Кейбір шешімдер жылдам және бірауыздан қабылданады. Мысалы, пайдаланушылар ауылдық жерлердегі қарт туыстары үшін құны 40 юан (6 доллар) тұратын улы газ датчигін сатып алуды бірнеше минуттың ішінде мақұлдап, оны «қымбат емес және өмірлік маңызы бар» деп атады. Өзгеше жобаның авторы - Қошан (Хошан) деген лақап атпен танымал осы қолданбаның менеджері, Шанхай мегаполисінің тұрғыны. Ол мұндай бастаманы қолға алуына өзінің қажетсіз, артық заттарды сатып алудан аузы күйгені себеп болған. Шағын қосымша жасанды зерде мүмкіндігі мен құралдарын пайдалана отырып, небәрі сегіз күнде жиналды. Сервис алғашқы тоғыз сағатта 10 мыңнан астам пайдаланушыны жинады, содан кейін 300 мыңнан астам қатысушыны тартты, олар тауарды сатып алуға қатысты 370 мыңға жуық сұраныс берген. Бірте-бірте сервис қаржы құралына ғана емес, өзіндік әлеуметтік алаңға да айналды. Десе де әлеуметтанушылар мұндай қолданбаның адамнің өзіндік пікір білдіру, сыни ойлау қабілетін бәсеңдететінін алға тартып отыр. Сарапшылар, тіпті, өзгелердің пікіріне тәуелді болып қаупі барын да ескертіп отыр. Жауапкершілік арқалаудан қашады. Бұл қолданбаның Қытайдағы 11/11 жаппай сату науқаны кезінде танымалдылығы артқан. Өткен жылы жаппай арзандатып сатудан 1,6 трлн юанға тауар сатылған (239 млрд доллар).

0 пікір
Мұрағат