|
Өзінің бұлшықетін жаттықтыратын робот құрастырылды
|
Жаттығу арқылы шыныққан бұлшықет балықтың жүзуін елестететін роботқа қарапайым бұлшықетпен жабдықталған өзге роботтардан үш есе жылдам ққимылдауға немесе қозғалуға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Сингапур ұлттық университетінің (NUS) ғалымдарыбұл тарапта биогибридті роботтық техниканың басты шектеулерінің бірін шешіп, жасанды өсірілген бұлшықетті сыртқы әсердің ықпалымен емес, яғни, қандай да бір ынталандыратын тетіксіз нығаюына мүмкіндік беретін әдіс ойлап тапты. Ғалымдар екі бұлшықетті бір-біріне ұдайы тартатындай етіп біріктірді. Дамудың бастапқы кезеңдерінде бұлшықет жасушалары өздігінен қысқаратындықтан, олар бір-бірін күрделі электроникасыз немесе басқару жүйесінсіз «жаттықтырады». "Жасушалар жетілген сайын өздігінен жиырыла бастайды. Тіндер біріктірілгендіктен, олар сыртқы факторсыз дене жаттығуын орындап, бір-бірін үнемі тарттады", - деп түсіндірді доцент Тан Иу Жун.
Өздігінен жаттығу тетігі қалай жұмыс істейді
Идея жетілмеген бұлшықет жасушаларының табиғи жолмен қысқаратын ерекшелігіне негізделген. Әзірленген жүйеде бір бұлшықет қысқарған кезде екіншісін созады, ол да соған осылай жауап қатады. Бұл құбылыс екі тінді де біртіндеп нығайтатын үздіксіз қозғалыс циклін құрады.
Бірегей тәсілдің артықшылығы немесе өзгешелігі - бұлшықеттің жаттығуына механикалық жағдай жасайды. Мұндай тәсіл зертханада өсірілген бұлшықеттер үшін рекордтық күшке қол жеткізуге мүмкіндік берді - 7,05 миллиньютон, яғни, кішкентай бекіткішті немесе 0,7 грамм суды ұстап тұру үшін қажетті шамаға тең. Бұлшықет кернеуі шаршы миллиметрге шаққанда 8,51 миллиньютонды құрады, яғни, матаның әрбір шаршы миллиметрі бір грамм дерлік күшпен созыла алады. Микробиогибридтік роботтар үшін бұл шама OstraBot-тың жылдам және дәл қозғалысын қамтамасыз ететін үлкен күш.
Рекордтық жылдамдық және бақылау
Жаттықтырылған немесе шыныққан бұлшықет балық қораптарының жүзуін имитациялайтын биогибридтік робот - OstraBot-қа кіріктірілді. Робот жылдамдығы минутына 467 миллиметрге жетеді, бұл көрсеткіш қалыпты бұлшық ет тініне қарағанда үш есе жылдам.
Жылдамдықтан басқа, робот дәл басқаруға келетін артықшылығын көрсетті. Құйрықтың қозғалысын электрлік сигналдармен реттеуге болады, ал іске қосу мен тоқтатуды, тіпті, дыбыстық сигналдар да қамтамасыз етеді, мысалы, қол шапалақтау арқылы тоқтатуға болады.
"Мақта роботтың жай ғана тірі емес екенін, оның басқарылатынын көрсетеді. Күшейтілген бұлшық еттер денедегі жүйке жүйесі сияқты сыртқы сигналдарға ден қоюға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Тан Иу Жун.
Технологияның әлеуеті
Бұл тәсіл тірі жасушалармен жұмыс істейтін жұмсақ машиналардың жаңа тобын құруға жол ашады. Оларды медицинада, қоршаған орта мониторингінде және биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робототехникада пайдалануға болады. Бұдан бөлек, мұндай технология күрделі биогибридтік конструкциялар өндірісін жаңа белеске көтереді.
Болашақта ғалымдар тапсырманы орындағаннан кейін қауіпсіз ыдырайтын толық биологиялық ыдырайтын құрылғыларды әзірлеуді жоспарлап отыр. Дәлірегі, қатерге осал экологиялық жүйелерде орналастырылатын уақытша медициналық импланттар немесе датчиктер түрінде болуы мүмкін.

