|
Орталық Азияның ислам банкингі нарығы 2028 жылы 2,5 млрд долларға жуықтауы мүмкін
|
2028 жылға қарай Орталық Азиядағы исламдық банкинг нарығының көлемі 2,5 млрд АҚШ долларына жуықтауы мүмкін. Бұл болжам Mastercard-тың «Орталық Азиядағы исламдық банкинг: жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» атты есебінде айтылды. Бұл туралы 7kun.kz ақпарат көзі Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесіек сілтеме жасай отырып хабарлады.
Зерттеу авторлары өңірдегі исламдық банкингтің қазіргі жиынтық көлемін шамамен 716 млн долларға бағалайды. Олардың есебінше, нарықтың орташа жылдық өсу қарқыны 40% шамасында. Осы болжам орындалса, нарық көлемі 2028 жылға қарай үш еседен астам ұлғаяды.
«Орталық Азия елдері исламдық қаржы экожүйесінің белсенді даму кезеңіне қадам басып отыр. Клиенттердің күтулері мен қаржы институттарының өнімдер мен қызметтерді дамытуға деген көзқарастары өзгеруде. Серіктестік, ашықтық және жауапты қаржыландыру қағидаттарына негізделген исламдық банкинг өңірдегі қаржылық инклюзияны кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Mastercard-тың мақсаттарымен үндес. Біздің міндетіміз – исламдық қаржы шешімдерінің өңірдің тұрақты экономикалық дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу», – деді Mastercard-тың Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас директоры Санжар Жамалов.
ЕсептеОрталық Азия елдеріндегі мұсылман халқының жалпы саны шамамен 31 млн адам екені, ал исламдық қаржы өнімдерінің таралу деңгейі әзірге төмен екені айтылған. Авторлар нарықтың одан әрі дамуын реттеудің жетілдірілуімен, қаржылық сауаттылықтың артуымен және инвесторлардың қызығушылығымен байланыстырады.
Бұл көрсеткіштер нарықтың болашақтағы нақты көлемі емес, Mastercard есебіндегі бағалау мен болжам екенін ескерген жөн.