|
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
|
Beeline Kazakhstan компаниясын бақылайтын VEON халықаралық телекоммуникациялық тобы 2027 жылдың соңына дейін Қазақстанда цифрлық банкті іске қосуға ниетті. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде VEON бас директоры Каан Терзиоғлының Bloomberg ақпарат агенттігіне берген сұхбатына жөн сілтеген Fintech-retail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Банк нарығына шығу жоспары OLX онлайн-хабарландыру сервисін 81 млн долларға сатып алу жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін белгілі болды. Осы орайда Beeline Kazakhstan арқылы аталмыш топ OLX Kazakhstan срвисін сатып алғанын айта кетпекпіз. Бұл сервистің ай сайынғы аудиториясы шамамен 9 млн белсенді пайдаланушыны құрайды. Ал сатып алынған платформа VEON-ға телекоммуникациялық, сауда және қаржы сервистерін біріктіретін цифрлық экожүйені кеңейтуге мүмкіндік береді. Қыркүйек айында VEON және Beeline Kazakhstan Қазақстанның ұлттық банкімен ынтымақтастық туралы бес жылдық меморандумға қол қойған болатын. Тараптар цифрлық төлемдерді дамыту және компания сервистерін ұлттық төлем инфрақұрылымына ықпалдастыру мүмкіндіктерін зерттеуге келісті. Жаңа цифрлық банк Қазақстанның қаржы нарығындағы бәсекелестікті күшейтуі мүмкін. Болашақ банктің атауы, қызметтер тізімі және іске қосудың нақты күні әзірге ашылмаған.