1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
5 минут бұрын 5 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

1978 жылы экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы әлемде алғашқы бала  дүниеге келді. Ұлыбританияда. Оған Луиза Жой Браун есімі қойылса да «пробиркадағы бала» ретінде көпшіліктің назарын аударып, тарихта осындай атпен қалды. Бұл жайында islam.kz порталы mainichi.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта жасанды жолмен ұрықтандыру процедурасы күнделікті (үйреншікті) іске айналған. Жапониядағы бастауыш мектептің әрбір сыныбында осындай осындай жолмен дүниеге келген үш-төрт баланы кездестіруге болады. Жапон акушерлік және гинекология қоғамының мәліметіне сәйкес 2024 жылы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) нәтижесінде туған балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 1436-ға артып, бала саны 86 473 рекордтық деңгейге жетті. Күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 686 173 бала өмірге келген. Ал ЭКҰ нәтижесінде туған балалар жалпы дүниеге келгендер санына шаққанда шамамен 12,6% немесе 8 1 құрады. ЭКО процедуралардың жалпы саны 550 265-ті құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 399-ға аз. Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) - бұл бедеулікті емдеу әдісі, бұл кезде жұмыртқа мен шәует денеден тыс ұрықтандырылады, содан кейін жатырға қайтарылады. Ал Жапония аумағында, дәлірегі, 1983 жылы Тохоку университетінде ЭКО көмегімен дүниеге келген алғашқы баладан бері осындай жолмен өмірге келген балалар саны бір миллионнан асты. Жапония - әлемдегі қартаю процесін алғашқы болып басынан өткізген ел. Демографиялық апат алдында тұрған ел. Осыған байланысты бала туудың төмендеуіне қарсы күрес шараларының бірі ретінде 2022 жылдан бастап бедеулікті емдеу қолға алынды, соның ішінде, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) шығыны мемлекеттік медициналық сақтандыру қаражатымен жабылады. 

0 пікір
Мұрағат