Бір ғана елдің өзі жылына пробиркіде 450 тонна құс етін өсіре алатын деңгейге жеткен
Бір ғана елдің өзі жылына пробиркіде 450 тонна құс етін өсіре алатын деңгейге жеткен
5 минут бұрын 7 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық Upside Foods компаниясы енді жылына 450 тоннадан астам тауық өндіре алатынын хабарлады. 11 жыл ішінде компания мамандары өндіріс көлемін 10 мың есеге ұлғайтты. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай етті “қолдан өсірілген” деп атайды, оны жануар жасушаларынан арнайы резервуарларда өсіреді. Аталған компания сайтының мәліметінше, білікті мамандар бастапқы жасушаларды тауық жұмыртқасынан алады. Жасушаларға қоректік орта беріледі және шамамен үш аптадан кейін масса қайта өңдеуге дайын. Еттің дәмін кіргізу үшін технологтар оған соя ақуызын, бұршақ талшығын және зәйтүн майын қосады. Компанияға өзі қолдан өсірген тауығын АҚШ-та 2023 жылы сатуға рұқсат берілген екен. Upside Foods компаниясының өнімін ззық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) және АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA) тексереді. Жасанды  ет өндірісіне кететін шығын әдеттегі мал шаруашылығына жұмсалатын шығыннан көп  төмен және қоршаған ортаға залалы жоқ. Жасанды еттің тарихы 2013 жылдан бастау алады. Ғалымдар мұндай қадамға адамзат санының өсуіне (2050 жылы 10 млрд-қа жетеді Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше)байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі мал шаруашылығынан атмосфераға бөлінетін парникті газды азайту, жайылым мен егістік танабы үшін табиғатқа келетін зиянның мөлшерін кеміту мақсатында барып отыр.

0 пікір
Мұрағат