Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?
Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?
5 ай бұрын 851 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Таяуда бұл бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, арық суындағы микропластик супер бактериялардың антибиотикке төзімді гендермен өзара алмасуына ықпал етуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Hazardous Materials Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан аттай бір ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0) материалымызда микропластиктің супер бактериялардың дәрі-дәрмекке төзімділігін 3 есе арттыратынын жазғанбыз. Қоршаған ортаны ластаушылар қатарында «көш басынан» көрінген микропластик адам аяғы сирек тиетін Антарктикадан бастап, әлемдегі ең биік шыңда (Эверест), барлық табиғи ортада, тіпті, адам организімінде де кездеседі. Биологтер микропластиктің қауіпті тұстарының бірі ретінде супер бактериялардың антибиотикке төзімді етудегі ықпалын атап отыр. Жәндіктер мен құстарды, балықтар мен өзге де теңіз жануарларын қорек ететін адамға азық-түлік тізбегі арқылы берілетін микропластик адам тінінде жиналады. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар Нью–Джерси қаласындағы арық суын тазалайтын үш бекеттен алынған суға микропластиктің екі түрін - полиэтилен мен полистиролды енгізеді. Құмға да аталған микропластикті енгізіп көреді. Содан соң ғалымдар қай ортада қандай бактериялардың пайда болатынын және олардың геніндегі өзгерістерді қадағалауға көшеді. Белгілі болғандай, бактерияның 8 түрі құмға қарағанда микропластик бөлшектерімен байланысуға қабілетті болып шыққан. Дәлірегі, микропластик бактериялар генін тасымалдаушы қызметін атқаруы мүмкін екенін жоққы шығарайды. Үш күннен соң ғалымдар антибиотикке төзімді ететін, өзіндік ерекшелігі бар үш геннің (sul1, sul2 және intl1) құмды ортаға қарағанда микропластикте 30 есе жиі кездескеніне куә болады.

Ұқсас материалдар:

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

 «Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат