Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты
Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты
3 жыл бұрын 1531 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғимарат ішіндегі ауа құрамындағы микропластик деңгейі көшедегіге қарағанда әлдеқайда жоғары болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы dailymail.co.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу ұмыстары Ұлыбританияның әр аймағында жүргізілген. Адамдар уақытысының көбін ғимарат ішінде (үйде, кеңседе, т.б.) өткізетіндіктен іштегі ауа сапасын қадағалап отырудың маңызы зор.  Англиядағы Халл университетінің ғалымдары ғимарат ішіндегі адамның бойынан асатын биіктіктен ауаның құрамын тексеріп көрген екен. Ауа үлгісі негізінен адамдар күніне орташа есеппен 7 сағатын өткізетін бөлмеден алынған. Микропластик барлық үйден табылған. 98% жағдайда даладағы ауаға қарағанда үйдегі ауадағы микропластик мөлшері 45 есе көп болып шыққан. Микропластиктер негізінен азық-түлік қаптамасынан, пластик бұйымдар мен заттардан, жұмсақ жиһаздардан, кілемнен, т.б. бөлінеді. Тым ұсақтары адам организіміне тыныс алу жолдары арқылы енуі мүмкін. Аталмыш зерттеуге атсалысқандардың бірі Лорен Дженнердің айтуынша, адамдардың дені уақытысының 90%-ын ғимарат ішінде, соның ішінде 60%-ын үйінде өткізетіндіктен бұл тараптағы зерттеу одан ары жалғасын табатын болады – микропластиктің адам организіміне тигізер зияны зерттеледі.

Ұқсас материалдар:

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0);  

0 пікір
Мұрағат