Әлемдегі өзендердің жартысынан көбісі жылына кем дегенде бір күн ақпай қалатын болады
Әлемдегі өзендердің жартысынан көбісі жылына кем дегенде бір күн ақпай қалатын болады
3 жыл бұрын 1743 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жыл бойы ағысын тоқтатпайтын өзендер барлық құрлықта және барлық климат белдеуінде кездеседі. Макгилла университетінің және INRAE ғалымдары бұл тарапта арнайы жүргізген зерттеу барысында зерделенген жердегі өзендердің 64 млн шақырымының 51%-60%-ы біртіндеп ағуын тоқтататынын немесе жылдың бір бөлігінде табаны тартылып қалатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылыну салдарынан орын алып отырған бұл құбылысқа байланысты ғалымдар өзендердің жыл бойы тоқтамай ағатыны жөніндегі тұжырымдаманың негізін қалайтын концепцияларды қайта қарастыруды алға тартып отыр. Ғаламдық су жүйесіндегі өзендердің биохимиялық кезеңдеріне мониторинг жүргізудің да қажеттілігін ескеру керек. Өзендердің тоқтаусыз ағуы – тіршіліктің қан тамыры іспетті, оның тоқтауы өз кезегінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына, биологиялық әр алуандылықтың жойылуына, құрғақшылық жайлап, топырақтың дегредацияға ұшырауына алып келмек. Бұл жайт өз кезегінде ауыл шаруашылығына да зиянын тигізіп, жылдан жылға күйі қашқан әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп, дағдарысты тереңдетпек. Осындай пікір білдірді аталған зерттеуге атсалысқан McGill география аспиранты әрі Францияның ауыл шаруашылық, азық-түлік және қоршаған орта жөніндегі ұлттық зерттеу институтының (INRAE) өкілі Мэтис Мессагер.

0 пікір
Мұрағат