Түркі елі балгерлік пен оккультты қызмет жарнамасына тыйым салды
Түркі елі балгерлік пен оккультты қызмет жарнамасына тыйым салды
3 минут бұрын 4 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның жарнама кеңесі сайттар мен әлеуметтік желіге балгерлер мен сиқыршылардың, экстрасенстердің, сәуегейлердің қызметін ұсынатын хабарландыруды жариялауға тыйым салуға пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған кеңестің мұндай қадамға баруына ел аумағындағы интернет ресурстарындағы оккультті қызмет жарнамалары тұтынушыларды адастыратын, тіпті, ырымға сенуге шақыратын себепті барып отыр. Түркияның сауда-саттыұ министрлігінің байланыс жөніндегі кеңесшісі Бәкір Қаплан тексеру нәтижесі бойынша алаяқтардың құрығына түсіп, айла-шарғысынан аса алмай ақшасынан  айырылған тұтынушылар құқығының бұзылуы жиілеп кеткенін мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат