29.12.2023 18123 Ойтамшы
Бір елдің мәдениетін құрту үшін 3 (үш) нәрсе қажет

Мұсылман елдері мен мәдениетін зерттейтін европалық бір шығыстанушы маман, әлдебір елдің мәдениетін құртудың үш жолын атап өткен. Ол өзінің жазбасында былай дейді: 

«Егер бір елдің мәдениетін құртқың келсе, оның үш жолы бар:

1) Жанұяны бұзу.

2) Білім беру жүйесін бұзу.

3) Елді бастайтын көшбасшыларының деңгейін түсіру.

Жанұяны бұзу үшін - отбасындағы ананың рөлін жасыруың керек. Оны «үйдің тәрбиешісі» деген сипатынан ұялатын қыл.

Білім беру жүйесін бұзу үшін - мұғалімдердің деңгейін төмендет, оның қоғамдағы құнын түсір, оқушылар мен студенттер оларды қор көрсін!

Елді бастайтындардың деңгейін түсіру үшін - ғалымдарын қолға ал, оларды мінеп-сынап отыр, осылайша елдің алдында абыройларын төмендет. Халық оларға күмәнмен қарасын, осылайша олардың сөздеріне құлақ аспасын, оларды өздеріне жолбасшы ретінде көрмесін. 

Нәтиже:

Қашан ананың қырағылығы мен парасаттылығы жойылса;

Мұғалімнің ықыласы кетсе;

Көшбасшылары мен ел аузына қараушылардың абыройы түссе - кім ұрпақты жөнге салмақ, кім оларды тәрбиелемек!? 

Мысыр елінің атақты жазушысы, философ әрі дәрігер Мұстафа Махмұд (1921-2009 ж).

72 пікір