Қатерлі ісік жасушасының ең осал тұсы табылды
Қатерлі ісік жасушасының ең осал тұсы табылды
4 жыл бұрын 4120 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік ғалымдар қатерлі ісік жасушасының ең осал тұсын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тел-Абиб университетінің (TAU) ғалымдары бұл бағытта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі қатерлі ісік жасушаларындағы хромосомның шектен тыс мөлшері  оның осал тұсы болуы мүмкін екенін көрсетіп берді. Аталмыш зерттеуге етекшілік еткен Тел-Абибтегі Саклердің медицина факултетінен Бен Дәуіт түсіндіргендей, адамда 46 хромосома бар, анеуплоидты жасушалардан (қатерлі ісікке тән жасушалар) айырмашылығы – олардың түрлі мөлшерін (санын) тудыра алады. Яғни, анеуплоидия – қатерлі ісіктің кең таралған генетикалық өзгерісі. Қатерлі ісіктің шамамен 90 пайызы (мәселен, сүт безі обыры, ұлтабар обырының және қан обырының 75 пайызы)  анеуплоидты болып табылады. Бұл құбылыс пен аурудың арасындағы байланыс бір ғасырдан астам уақыт бұрын анықталғанымен аталған феноменнің қатерлі ісікті қалай дамытып, таралуына ықпал ететіні туралы мәлімет тым жұтаң болып келген еді. Ғалымдар биоақпарат технологиясының осы заманғы озық әдістерін мыңға тарта қатерлі ісік жасушаларының анеуплоидиясын бағалау үшін пайдаланып көрген болатын. Содан соң аталған жасушалардың генетикалық тәуелділігі мен дәрі-дәрмекке сезімталдылығын салыстырып көрді. Ғалымдар нәтижесінде анеуплоидті қатерлі ісік жасушаларының хромосомның дұрыс бөлінуін қамтамасыз ететін митотикалық бақылау нүктесінің (жасушалық циклді (жасушалық цикл дегеніміз – бөліну кезінде орын алатын маңызды кезеңдер) бақылау нүктесіның зақымдалғанына сезімталтық танытқанына куә болды. Ғалымдар, сонымен қатар, қатерлі ісік жасушаларының молекулярлық негізін де анықтады. Бен-Дәуіттің сөзіне қарағанда, бұл арада анеуплоидтық жасушалардың қалыпты жасушалардан несімен ерекшеленетінін білудің маңызды әрі аталған жасушалардың осал тұсын табу өз кезегінде персоналды емдеу тәсілдерін әзірлеуге және дәрі-дәрмек жасауға көмектеседі. Бұл зерттеу төрт елдің (АҚШ, Германия, Нидерланды және Италия) алты зертханасының ынтымақтастығы негізінде жүргізілді.

Ұқсас материалдар:

«Қатерлі ісіктің шапшаң өсуінің құпиясы ашылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isiktin-shapshan-osuinin-qupiyasy-ashyldy-14737/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-pen-parazit-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14730/#gsc.tab=0);

«Тері обырына қарсы екпенің тиімділігі 4 жыл сақталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/teri-obyryna-qarsy-ekpenin-tiimdiligi-4-jyl-saqtaldy-14732/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пандемиясы келе жатыр» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qaterli-isik-pandemiyasy-kele-jatyr-13137/#gsc.tab=0);

«Араның уы ең қатерлі ісіктің бетін қайтаратын болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/aranyn-uy-en-qaterli-isiktin-betin-qaitaratyn-bolyp-shyqty-14083/#gsc.tab=0);

«Стресс гормоны қатерлі ісік жасушасын оятады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/stress-gormony-qaterli-isik-jasushasyn-oyatady-14488/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат