Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды
Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды
3 жыл бұрын 3235 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Кеңінен тараған Toxoplasma gondii (токсоплазма)паразиті адамға шала піскен еттен, лас ауыз судан немесе мысықтың нәжісінен жұғады. Белгілі болғандай, аталмыш паразит мидың қатерлі ісігінің пайда болуына жол ашады. Бұл жайында islam.kz порталы Америка онкология қоғамына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токсоплазма — адамзаттың шамамен 50%-ы зардап шегетін паразит. Адам бойында екі жылға дейін сақталады. Ми глиомының даму қатерінің деңгейі төмен болғанына қарамастан бұл жаңалық өз кезегінде аурудың пайда болу себебіне қатысты тың әрі толыққанды дерек бере алады. Ғалымдар глиобластадан (сирек кездесетін агрессивті ми обыры) зардап шегетін науқастардың тінін зерделеген болатын. Бұл бағыттағы зерттеу барысында мынадай заңдылықты ашты: қатерлі ісікке шалдыққан науқас сау адамға қарағанда токсоплазмаға қатысты антиденеге ие болып шыққан. Алайда, кей науқастардың бойында токсоплазмаға қарсы антидене жоқ. Осылайша ғалымдар аталған паразит пен қатерлі ми ісігінің арасындағы байланыстың барына дәлел тапты. Әлбетте, бұл байланыс аталған паразиттің қатерлі ісік тудыратынына айғақ бола алмайды.

Ұқсас материалдар:

«Токсоплазма паразиті туралы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/toksoplazma-paraziti-turaly-video-13786/#gsc.tab=0);

«Паразит тіршілігін жалғастыру үшін өз митохондриясын иесінікіндей етеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/parazit-tirshiligin-jalgastyru-ushin-oz-mitohondriyasyn-iesinikindei-etedi-14659/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат