Жаңғыртпалы энергия көзінен қоршаған ортаға келетін зиянды азайтудың амалы табылды (видео)
Жаңғыртпалы энергия көзінен қоршаған ортаға келетін зиянды азайтудың амалы табылды (видео)
4 жыл бұрын 3026 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, кезінде сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Жаңғыртпалы энергия көзі жануарлар әлемінің жауы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jangyrtpaly-energiya-kozi-januarlar-aleminin-jauy-13373/#gsc.tab=0) және «Жасыл» энергияның қатері қандай?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jasyl-energiyanyn-qateri-qandai-12385/#gsc.tab=0), сондай-ақ, «Экологиялық қауіпсіз жобалардан да жануарлар қырылып жатыр» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ekologiyalyq-qauipsiz-jobalardan-da-januarlar-qyrylyp-jatyr-10508/#gsc.tab=0) материалдарымызда экологтар мен табиғат жанашырларының жаңғыртпалы энергия көздерінен келетін аң-құсқа залалы туралы кеңінен тарқатып жазғанбыз. Ғалымдардың осы ескертуіне байланысты жел электр стансаларын құрастырушылар құстардың қырылуына жол бермейтін ақылды камерамен жабдықтауға көшті. Яғни, бұл тарапта жаңығртпалы энергия көздерінен қоршаған ортаға келетін зиянды барынша азайтудың алғы қадамдары жасалуда. Осы заманғы озық технология көмегімен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Applied Ecology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде жел электр стансаларынан жыртқыш құстар көптеп қырылатын болып шықты – жемтік іздеп жерден көз алмай ұшатын жыртқыш құстардың жел генераторына соқтығысып қалу қатері жоғары болып шыққан. Осыған байланысты жасанды зердемен жабдықталған IdentiFlight ақылды камерасы өзіне қарай ұшып келе жатқан нысанды байқаған сәтте турбинді тоқтатады. Мұндай құрылғы АҚШ аумағындағы Вайомингте орын тепкен Top of the World электр стансасында сынақтан сәтті өтті. Аталмыш құрылғы аталған аймақтағы бүркіттердің өлімін 82%-ға азайтқан. IdentiFlight мәліметтер базасында 47 млн-нан аса құстың бейнесі жинақталған, соның ішінде жойылу алдында тұрғандықтан қызыл кітапқа еніп, арнайы қорғауға алынған құстардың да бейнесі кездеседі. Бұл камераның жұмыс тиімділігін арттырады.

Ұқсас материалдар:

«Тұңғыш рет қазба ресурстарына қарағанда жаңғыртпалы энергия көздерінен энергия артық өндірілді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tungysh-ret-qazba-resurstaryna-qaraganda-jangyrtpaly-energiya-kozderinen-energiya-artyq-ondirildi-14747/#gsc.tab=0);

«Әлемде өзін тек жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген энергиямен 100% қамтамасыз еткен тұңғыш ел пайда болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-ozin-tek-jangyrtpaly-energiya-kozderinen-ondirilgen-energiyamen-100-qamtamasyz-etken-tungysh-el-paida-boldy-14467/#gsc.tab=0);

«Қытай амалдың жоқтығынан геотермалды энергияға көшеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-amaldyn-joqtygynan-geotermaldy-energiyaga-koshedi-8907/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат