Қатерлі ісік пандемиясы келе жатыр
Қатерлі ісік пандемиясы келе жатыр
5 жыл бұрын 2822 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы он жыл шамасында әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығатындар қарасы күрт артады. Дәлірегі, онкологиялық ауру жамап алатындар саны аталған мерзімде 60%-ға дейін артуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жасаған баяндамада айтылғандай, обыр дертінен опат болатындар қарасы, әсіресе, табысы төмен кедей елдерде жоғары болмақ. Ал онкологиялық ауруға шалдығатындар қарасы экономикасы артта қалған елдерде 81%-ға артпақ. Бұған аталған дерттің алдын алу шараларының жолға қойылмауы, медициналық қызметтің сапасыздығы, дәрі-дәрмек тапшылығы мен медициналық құрал-жабдықтың жетіспеушілігі себеп болмақ. Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының орынбасары Рен Минхой диагнозды ерте анықтай алатын білікті дәрігерлерді тиісті деңгейде дайындау мәселесін көтерді. Сондай-ақ, ол шылым шегу секілді жат әдеттерге барынша тосқауыл қойып, В гепатитіне қарсы екпе алмайтындармен күресуге жұмылуға шақырды. Бұдан бөлек, скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығына тоқталды. Бұл шаралардың бәрі аты аталған дерттің бетін қайтаруға, яғни, алдын алуға септігін тигізеді. Сөз орайы келгенде мынадай статистикалық деректі де келтіре көткен жөн: соңғы жылдары қатерлі ісікке шалдыққандардан - 10 науқастың 7-еуі он жылдан артық өмір сүруге қол жеткізген. Осы заманғы медициналық жетістіктерге және өркениет игіліктеріне байланысты.

0 пікір
Мұрағат