Ішек таяқшасы жылдан жылға антибиотикке бой бермей келеді
Ішек таяқшасы жылдан жылға антибиотикке бой бермей келеді
3 жыл бұрын 4108 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Wellcome Sanger институты мен Осло университетінің ғалымдары ішек таяқшасының антибиотикке төзімділігін қадағалап келеді. Бұл жайында islam.kz порталы genome.cshlp.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте ішек таяқшасы ішекте болғанымен  оның былайғы уақытта организміге тигізер зияны жоқ, алайда, иммунитет әлсіреген кезде қанға түссе, адам өміріне аса қауіпті инфекциялық ауру тудырады. Аталмыш бактерияның дәрі-дәрмекке төзімділігі 2000 жылдардың бас кезінен бері артып келеді. Яғни, жыл сайын күшейіп, бой бермей барады. Аттай 16 ылға созылған бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар ішек таяқшасының геніне тереңірек үңіліп, антибиотикке төзімділікті қалыптастыратын геннің таралу жолдарын қадағалады, нәтижесінде бұл гендер ішек таяқшасының штамдары (қоздырғыштары) арасында берілетініне көз жеткізді. Бұл гендердің штамдар арасында қалай берілетінін әрі дәрі-дәрмекке төзімділікті қалай қалыптастыратынын білудің маңыздылығы зор әрі өзекті. Ең бастысы, эпидемиологиялық қадағалау үшін инфекцияның ауыр түрінің алдын алуға болады. Бактерияларда дәрілердің көбісіне төзімділік салыстырмалы түрде сирек кездеседі, алайда, бұл тараптағы таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсетіп бергендей, ішек таяқшасының көптеген дәрі-дәрмекке төзімді болуы үшін гендерін бөлісуге қабілетті болып шыққан – штамдар арасында көлденеңнен ауысып отырады.

Ұқсас материалдар:

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0);

«Микророботтар дәріні жеткізу үшін биологиялық кедергілерді еңсеруді үйренді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikrorobottar-darini-jetkizu-ushin-biologiyalyq-kedergilerdi-enserudi-uirendi-13430/#gsc.tab=0);

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

«Бактерия төтеп бере алмайтын антибиотик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriya-totep-bere-almaityn-antibiotik-jasaldy-13669/#gsc.tab=0);

«Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-quatty-ambebap-tabigi-antibiotik-tabyldy-14162/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-aparatyn-asa-qauipti-superbakteriyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14761/#gsc.tab=0);

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат