Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды
Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды
3 жыл бұрын 3761 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Түс көрудің функциялық мақсатын түсіндіріп беретін жаңа гипотеза пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда адамның түс көруінің себебі мен сыры неде деген қадым заманнан бері келе жатқан басы ашық сауалға әлі күнге ғылым тарапынан толыққанды әрі тиянақты жауап берілмегенін және бұл тақырып жиі талқыға салынып, талас-тартыс тудырып келе жатқанын айта кету керек. Түс көруге қатысты мыңдаған теория болғанымен ешқайсысы бұл құбылыстың мәні мен маңызын түкпірлеп ашып бере алмайды. Эрик Хоэл есімді америкалық нейробиологтың айтуынша, түс адамның күнделікті тәжірибесін қорытып байытуға көмектеседі. Оның бұл гипотезасы бойынша түс әлемді оңай жолмен тереңірек тануға бастайды. Өзінің бұл теориясын растау үшін түс кезінде нақты өмірде, яғни, өңінде қайталанған жағдайларды көретінін алға тартады. Оның пайымдауынша, мұндай жағдайда мидың пысықтау, яғни, қайталау арқылы үйрену функциясы іске қосылып, тәжірибе жинайды. Осылай деген ол «жасанды түстің» функциясын көркем фильмдер мен романдар атқаратынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, көркем шығармалар өз кезегінде түсті алмастыра алады. Виртуалды шындықта да осылардың қатарына жатқызды. Мидың жасанды нейрон желісінен айырмашылы туралы сөз қозғай келіп, қандай да бір нәрсені мида тоқуға жаңа тәжірибенің жеткіліксіз болатынын, сол себепті, түс көмекке келетінін жеткізді. Осылайша, ми өзінің тіркеуші, конгнитивті қабілетін жаттықтырып, өнімділігін жалғастыра алмақ. 

Қосымша мәлімет: 

Ұйқы – физиологиялық күй немесе хал. Ұйқының фазалары болады, ол тез (REM) және баяу ұйқы деп бөлінеді. Адам түсті көбінесе осы REM фазасында көреді. Бұл фазадағы түс күні бойғы эмоциялық жарақаттан айықтырады деп есептеледі. Бұл жайында islam.kz порталы интернеттегі деректерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, түс күні бойғы немесе күннің белгілі бір мезгілінде (эмоциялық жүгі ауыр) алған эмоцияны қорытуға көмектеседі. Тез ұйқы немесе (REM) фазасы – мидың мазасыздық тудыратын норадреналин молекуласынан азат болатын уақыттың жалғыз бөлігі. Осы кезде көрген түс мидың эмоциямен және жадымен байланысты аймағы қалпына келеді. Яғни, күндіз стресс шақырған көріністерді қауіпсіз әрі тыныш ортада қабылдауға мүмкіндік беретін ұйқы фазасы. Осылайша түс эмоциялық реактивтілікті төмендетуге мүмкіндік бермек. Адам түс көрген кезде ми алған білімі (тәжрибесі) мен жалпыға ортақ заңдылықты сабақтастыра отырып сараптайды. 

0 пікір
Мұрағат