Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды
Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды
4 жыл бұрын 9554 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейдің Түмен мемлекеттік университетінің ғалымдары тарихта тұңғыш рет табиғи әрі әмбебап антибиотик тапты. Ол дәрі-дәрмекке бой бермейтін кез келген патогенді еңсере алады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етті.

Эмерициллипсин А деп аталатын бұл зат адам мен жануардың бойындағы бактериялар мен саңырауқұлақтар тудыратын инфекциялық аурулардың көбісімен тиімді күресуге мүмкіндік бермек. Бұл тараптағы зерттеу материалы Applied Biochemistry and Microbiology мерзімді басылымында жарияланды.

Фармакологтердің бүгінгі таңдағы негізгі міндеттерінің біріне дәрі-дәрмекке төзімділігі қалыптасқан микроорганизмдермен тиімді күресуге мүмкіндік беретін табиғи антибиотиктерді табу жатады. Бұл міндеттің үддесінен шығу үшін әлемнің ғалымдары жатпай-тұрмай ізденіс үстінде.

Мамандардың айтуынша, бұл табиғи зат бактерияның биологиялық пленкасының қалыптасуына жол бермейді. Сол себепті, бактерия бұл антибиотиктің алдында дәрменсіз.

"Эмерициллипсин А түрлі молекулярлы тетіктер есебінен эукариот пен прокариотқа әсер етеді. Эукариот – саңырауқұлақтар мен ісік жасушалары – пептид олардың мембрана жасушаларын зақымдау арқылы жойылады, ал прокариоттік вируленттігін (иесін, яғни, организмді зақымдаушы қабелітен) биопленканың қалыптасуына жол бермеу арқылы басып тастауға болады»,- деп түсіндірді аталмыш жоғарғы оқу орнының микробқа қарсы төзімділік зертханасының аға ғылыми қызметкері Евгений Рогожин.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Эмерициллипсин А өз алдына бөлек емдік құрал ретінде де, кешенді дәрі-дәрмек элементі ретінде де маңызды. Бұл затпен емдеу шарасы егу арқылы немесе зақымдалған тіндерді тікелей өңдеу арқылы да жүргізіледі.

0 пікір
Мұрағат