|
Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды
|
МакМастер университетінің ғалымдары әрекет ету тетігі өзгеше антибиотиктердің жаңа тобын тапты. Бұл жайында аталған жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. Жаңадан табылған антибиотик топырақтағы бактерия істеп шығаратын гликопептид түріне жатады. Алайда, оның әсер ету тетігі басқаша. Әдетте антибиотиктер алдымен бактерияның жасушалы қабырғасына әсер ете отырып, оның жойылуына алып келсе, ғалымдар тапқан корбомицин және комплостатин заттары керісінше әрекет етеді – бактерияның жасушалы қабырғасының зақымдануының алдын алады да бактерияның өсуіне әрі жасушаларға бөлінуіне кедергі келтіреді. Ғалымдардың айтуынша, жаңа антибиотик көптеген дәрілерге төзімді бакетриялардан науқасты емдеуде тиімділігін танытады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)