Картоп крахмалынан суда еритін пластик жасалды
Картоп крахмалынан суда еритін пластик жасалды
2 жыл бұрын 1752 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Крахмалдан алынған әртүрлі пластикалық бөлшектер. Сурет: SOLUBLION

Химиктер крахмалдан экологиялық жағынан таза, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы web.ua.es ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аликанте университетінің ғалымдары картоп крахмалынан суда еритін пластик материал алу технологиясын ойлап тапты. Аталмыш материал оңай компосттелетін және биологиялық тұрғыдан ыдырайтын және пластик пакеттер мен қаптамаларға тиімді балама бола алады. Материалдың механикалық қасиеттері тығыздығы төмен полиэтиленге жақын. Қажетті композицияны алу үшін крахмал желатиндеуден (Крахмал желатинизациясы - бұл крахмал мен судың қызу әсерінен крахмал түйіршіктерінің ісінуі. Нәтижесінде су бірте-бірте қайтымсыз сіңеді. Бұл жүйеге тұтқыр және мөлдір құрылым береді - lwvworc.org дерек көзінен) және пластиктенуден өтеді. Қалыпты жағдайда пластификатор молекулаларымен қоршалған крахмал ретроградтау үрдісіне бейім келеді, яғни, ол өзінің бастапқы реттелген құрылымын ішінара қалпына келтіреді, бұл  жайт оның қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі. Зерттеушілер материалдың мерзімінен бұрын тозуына жол бермесі үшін, дәлірегі, материалдардың қызмет ету мерзімін ұзартатын технологияны әзірледі. Осы орайда зерттеушілердің пандемияға дейін пластикалық материалдардың жаһандық тұтыну деңгейі шамамен 370 миллион метрикалық тоннаны құрағанын және бұл көрсеткіш одан ары өсетінін атап өткенін айта кету керек.

Ұқсас материалдар:

«Бірнеше күнде ыдырап жоғалатын пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birneshe-kunde-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-17911/#gsc.tab=0);

«Қанттан экологиялық қауіпсіз пластик жасалды. Қатты әрі ыдырайтын пластик алудың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qanttan-ekologiyalyq-qauipsiz-plastik-jasaldy-qatty-ari-ydyraityn-plastik-aludyn-joly-tabyldy-16300/#gsc.tab=0);

«Бір жылда ыдырап жоғалатын пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-jylda-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-14245/#gsc.tab=0);

«Палма майының қалдығынан биологиялық ыдырауы жылдам пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/palma-maiynyn-qaldygynan-biologiyalyq-ydyrauy-jyldam-plastik-jasaldy-14395/#gsc.tab=0);

«16 сағат ішінде пластикті ыдырататын фермент табылды. Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/16-sagat-ishinde-plastikti-ydyratatyn-ferment-tabyldy-plastikti-qorek-etip-qorytatyn-qurt-tabyldy-16953/#gsc.tab=0);

"Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-bir-taulikte-joq-qylatyn-ferment-tabyldy-16776/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0);

«Қалдықсыз қайта өңдеу әдісі пластиктің көпшілігін экологиялық жағынан зиянсыз етеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaldyqsyz-qaita-ondeu-adisi-plastiktin-kopshiligin-ekologiyalyq-jagynan-ziyansyz-etedi-17483/#gsc.tab=0);

«Пластикті өңдеудің пайдасы болмай шықты әлемді құтқару үшін» (https://islam.kz/kk/news/alem/plastikti-ondeudin-paidasy-bolmai-shyqty-alemdi-qutqaru-ushin-16133/#gsc.tab=0);

«Пластикті өңдеудің пайдасы болмай шықты әлемді құтқару үшін» (https://islam.kz/kk/news/alem/plastikti-ondeudin-paidasy-bolmai-shyqty-alemdi-qutqaru-ushin-16133/#gsc.tab=0);

«Пластикті залалсыздандырудың тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-zalalsyzdandyrudyn-tagy-bir-tasili-tabyldy-15793/#gsc.tab=0);

«Улы пластикпен қоректенетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uly-plastikpen-qorektenetin-bakteriya-tabyldy-13404/#gsc.tab=0);

«Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-miga-da-enui-mumkin-zertteu-16096/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жа»ыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0);

«Пластикті өндіруге, қолдануға, импорты мен экспортына тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/plastikti-ondiruge-qoldanuga-importy-men-eksportyna-tyiym-salyndy-16996/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат