Санаторийлер мен курорттарға ем алуға жіберілмейтін арулардың тізімі бекітілмек
Санаторийлер мен курорттарға ем алуға жіберілмейтін арулардың тізімі бекітілмек
1 жыл бұрын 1001 inform.kz Әлихан Асқар

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа өзгеріске сай, енді мына дерттері бар адамдар санаторий және курорттарға жіберілмейді:

- ІІІ дәрежелі дистрофия диагнозы қойылғандар;

- жүректің ауыр дерттері мен III дәрежелі және одан жоғары тыныс алу функциясының бұзылысы бар адамдар;

- улану, әртүрлі іріңді аурулары бар науқастар;

- декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функциялық жеткіліксіздігі;

- терінің іріңді аурулары, терінің инфекциялық ауруларымен (қышыма, микоз аурулары және басқалар) ауыратындар;

- ІІ және ІІІ дәрежелі анемиямен сырқаттанғандар.

Айта кетейік, қолданыстағы талап бойынша аталған диагноздар санаторий және курорттық ем алуға қарсы көрсетілім ретінде саналмайды.

Бұйырықты ашық талқылау 5 сәуірге дейін жалғасады. 

0 пікір
Мұрағат