Қанттан экологиялық қауіпсіз пластик жасалды. Қатты әрі ыдырайтын пластик алудың жолы табылды
Қанттан экологиялық қауіпсіз пластик жасалды. Қатты әрі ыдырайтын пластик алудың жолы табылды
2 жыл бұрын 2551 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қанттан алынған экопластмасса өңдеудің барлық сатысында өзгеше механикалық ерекшелігін жоғалтпайды. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбританиядағы халықаралық беделі жоғары Бирмингем университеті мен АҚШ-тағы Дьюка жоғарғы оқу орнының ғалымдары қант спиртін – өзіндік химиялық құрылымы бар органикалық қосындыны пайдаланған. Аталмыш қосынды материалға өзіндік қайталанбас ерекшелік дарытады. Ғалымдар бұл тарапта изоидид пен изоманнидтің қосындысын зерделеген екен – екеуі де атомдардың қатты шеңберіне ие. Ғалымдар қосындыны полимердің құрылыс блогы ретіде пайдаланған.

  • Изоидид негізіндегі полимер қатты болғанымен кәдімгі пластмасса секілді майысып, июге келеді;
  • Ал изоманнид негізіндегі полимер де осындай қасиетке ие. Ол ол ма, бүлінгенде өз қалыбына келе алады. 

Олар өңдеуден өткенде де барлық сипаты мен ерекшелігін жоғалтпаған. Ғалымдар қосындыдағы атомдардың материалға түрлі өзгешелікті қалай дарытатынын анықтау үшін компьютерлік моделін жасап көрген екен. Осыдан кейін барып, пластмасса жасауға кіріскен.

Қатты әрі ыдырайтын пластик алудың жолы табылды

Неміс ғалымдары пластиктің қаттылығын (беріктігін) сақтай отырып, оны ыдырайтындай етудің жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне және аталмыш зерттеу материалы жарияланған  Science ғылыми мерзімді басылымға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германиядағы Констанца университетінің ғалымдар пластиктің қасиетін арттыру әрі қоршаған ортадағы шіріп жоғалу мерзімін азайту үшін полиэтиленнің молекулярлық тізбегіне полярлық топты үстеді. Полиэтилен — полярлық емес, гидрофобты (суды жатырқайтын, суды жұқтырмайтын) материал. Оның қасиетін ұлғайту үшін, мәселен, металдың беткі жағының адгезиясын (adhaesio — физикалық қасиетті түрлі материалдарды бір-біріне жабыстыру) арттыру үшін полиэтиленді синтездеу кезінде аздаған полрялық топты қосудың жолдарын іздестіреді. Полярлық деп, химияды былай түсінуге болады: молекулалар электрлі диполды мезетке ие болатын қосынды... Диполды мезет әдетте молекула атомдарының электрге түрлі терістілік танытқан кезде пайда болады – осыдан барып молекула полярлыққа ие болады). жақсарту үшін ғалымдар полиэтилен синтезі барысында материалға аздаған полярлық топтарды енгізу жолдарын іздестірген екен. Алайда, бұл қиын іс, өйткені, бұл процесте пайдаланылған кәдімгі катализатор полярлы реагенттерден бүлінген болатын. Ғалымдар пластиктің негізі болып табылатын молекулярлы тізбекке кето-тобын қосып көреді. Ол үшін элементтердің периодтық жүйесіндегі орнына байланысты кетотоптарды алу үшін реагент ретінде қолданылатын көміртегі тотығымен үйлесетін катализатор қолданылады. Ғалымдар полиэтиленнің беріктігі секілді тек өзіне тән механикалық қасиетін сақтау үшін кетотоптардың шектеулі бөлігін енгізді. Кетотоптың шектеулі бөлігі жаңа пластиктің ыдырау процесін тезтеткен.

Durable and yet degradable

0 пікір
Мұрағат