Пластикті өндіруге, қолдануға, импорты мен экспортына тыйым салынды
Пластикті өндіруге, қолдануға, импорты мен экспортына тыйым салынды
2 жыл бұрын 1746 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Gustavo Graf / Reuters

Канадада бір жолғы пайдаланатын пластик өндірісіне, қолданысына, импорты мен экспортына тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы Time ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел билігі, дәлірегі, қоршаған ортаны қорғау министрі Стивен Гилбо осы жылдың соңына таман пенопластан жасалған котейнерлер менн пластик пакетттерді импорттауға, өндіруге тыйым салынатынын, сондай-ақ, 2023 жылдың аяғында пластик бұйымдарды саудасына тыйым салынатынын және 2025 жылдың соңында экспортына тыйым салынатынын мәлімдеді. Аталмыш тыйым пластиктен жасалған түтікшелерге де, ыдыс қаптамаларына да, шөлмек қаптамасына да қатысты. Сөз реті келгенде айта кету керек, 2021 жылы Канада аумағында пластик улы зат ретінде ресми танылды. Пластик бұйымдар өндіретін компаниялар үстінен сотқа шағым түсірілді. Бұл іс 2022 жылы сотта қаралады. Бұдан бөлек, биыл, дәлірегі, наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымы табиғатты пластикпен ластауға тыйым салатын қарар қабылдаған болатын. Осы құжат негізінде бұл бағытта келіссөздер жүргізетін үкіметаралық комиссия жасақталып, 2024 жылға дейін пластикпен ластауға тыйым салу туралы келісім-шарттты әзірлейді. БҰҰ есебі бойынша әлемдік мұхитқа жыл сайын 8 немесе 8 жарым миллион тонна пластик тасталады. 2050 жылға қарай әлемдік мұхитта, егер пластикпен ластау тыйылмаса, балықтан пластик көп болады. Пластикке тыйымды алғаш салған ел – АҚШ-тың Калифорния штаты аталып жүр, десе де пластикке салыстырмалы түрде ерте тыйым салған елдер қатарында Гонконг аталады – 1992 жылы. Мәселен, Кенияға келгендер  Duty Free пластик затттары мен бұйымдарын әуежайда қалдырып кетеді. Бұл талапқа құлақ аспағандар 19 мың долларға дейін айыппұл төлейді немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады (бұл мәлімет kenya-info.me дерек көзінен алынды). Мұндай өнімдерін, яғни, пластик бұйымдарды сатқан адам 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін Оңтүстік Африкада.  Танзанияда пластик пакеттерді өндіру, импорттау немесе сату үшін 2000 доллармен қоштасуға немесе бір жыл бойы темір тордың ар жағында отыруға тура келеді. Сондай-ақ Занзибарға пакеттерді әкелуге қатаң тыйым салынады. Қытайда қалыңдығы 0,025 мм-ден аспайтын пластик пакеттерді әкелуге тыйым салынған. Үндістанның, Сингапурдың және Бангладештің бірқатар штаттарында пластикке тыйым салынды. Бұл айтылған мемлекеттерден өзге ЕО аумағында да пластик бұйымдар мен заттарға толық немесе ішінара тыйым слынған. Мәсселен, Франция мен Белгияда, Данияда, т.б. еуропалық елдер бір реттік пластикке толық тыйым салынған.

Пенопласт құрттары пластикті қайта өңдеудің кілті болуы мүмкін 

Австралиядағы Квинсленд университетінің ғалымдары суперқұрттар –  Zophobas morio қоңыздарының дернәсілдерінің (личинкаларының) полистиролды қорек ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар суперқұрттарды үш апта бойы қоректендіріп көрген: кейбіреуіне пенополистирол, екінші тобына кеуек берген, ал үшінші тобындағыларды аш қалдырған. «Біз суперқұрттардың полистиролдың бір диетасында өмір сүре алатынын, тіпті, аз мөлшерде салмақ қоса алатынына кө жеткіздік, бұл құрттар пластикті жеуден қуат алады деп болжауға болады», - деді зерттеу жетекшісі Крис Ринке. Ғалым басқа жолды да ұсынады: дернәсілдердің әрекетіне ұқсайтын қайта өңдеу зауыттарын құру, яғни алдымен пластикті ауыз қуысында ұсақтау, содан кейін оны бактериялық ферменттердің көмегімен қорыту тәсілін қолдану.

Фото:twitter.com/UQ_News

0 пікір
Мұрағат