Палма майының қалдығынан биологиялық ыдырауы жылдам пластик жасалды
Палма майының қалдығынан биологиялық ыдырауы жылдам пластик жасалды
3 жыл бұрын 2519 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Палма майының өндірістік қалдығынан жасалған әрі биологиялық тұрғыдан тез ыдырайтындықтан экологиялық жағынан зиянсыз пленканы тағам өнімдері мен азық-түлікті қаптауға пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Current Research in Green and Sustainable Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өздеріңіз білесіздер, бұрын да талай рет жазғанымыздай, пластик қоршаған ортаға зияны шаш-етектен негізгі ластаушылардың біріне жатады. Бұдан бөлек, палма майы үшін ит тұмсығы батпайтын ну жыныс орман-тоғай оталып жатыр. Сонымен бірге, жабайы жануарлардың тіршілік ететін ортасы тарылып келеді. Ғалымдардың айтуынша, палма майының өндірістік қалдығынан жасалған пластик бұл проблеманы еңсеруге мүмкіндік бермек. Бір ғана Малайзияда жыл сайын 19,8 млн тонна палма майының қалдығы тасталады екен. Оның қоршаған ортаға зиянын азайту үшін ғалымдар палма майы қалдығындағы гемицеллюлозды биологиялық тұрғыдан тез ыдырайтын пленкаға айналдырған болатын. Гемицеллюлоз ауыл шаруашылық қалдығында кездеседі. Ол икемді болумен қатар газды өткізу көрсеткіші төмен әрі суға төзімді қасиеттерімен ерекшеленеді. Гемицеллюлоз, сонымен қатар, жеміс шоғының негізгі компоненті (құрамдас бөлігі) ретінде белгілі.

0 пікір
Мұрағат