Пластикті өңдеудің пайдасы болмай шықты әлемді құтқару үшін
Пластикті өңдеудің пайдасы болмай шықты әлемді құтқару үшін
1 ай бұрын 229 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Эдуард Корниенко / Reuters

Пластик қоқысты қайта өңдеу ісі адамзаттың ғаламдық, экологиялық апаттан құтқарып қала алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсының сарапшыларына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Circulate Capital компаниясы дасушы елдердегі қоқыс мқлшерін азайту бағытындағы бастамаларға инвестиция құйып келеді. Аталмыш компания жетекшісі Роб Каплан тек қоқысты өңдеу арқылы апаттан аман қалуға болады дейтін жаңсақ әрі аңқау түсініктен арылатын кез келгенін, дәлірегі, өндіріс жүйесінде экология пайдасына түбегейлі өзгеріс енгізбейінше адамзаттың экологиялық апат қатерінен құтылмайтынын жеткізді. Соның ішінде кәсіпорындар бір жолғы пайдаланылатын тауарларға емес, көп мәрте пайдалануға болатын тауарлар өндірісіне ден қою арқылы проблеманы еңсеруге болатынын ескертті.  Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, әлемде жыл сайын шамамен 300 млн тонна пластик қоқыс пайда болады әрі олардың тек он пайыздайы ғана өңделіп, қайта кәдеге жаратылады. Қалғаны өртеледі немесе полигондарда ашық-шашық күйінде қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұған қоса, аз ғана пластик қоқысын залалсыздандырудың өзі шығыны мен машақаты көп тірлік. Break Free from Plastic компаниясы сарапшыларының болжамы бойынша 2040 жылға дейін әлемде пластмасса бүгінгі мқлшерімен салыстырғанда екі есе көп өндіріледі. Бұл онсыз да ушыққан проблеманы одан ары тереңдетеді. Тығырықтан шығатын жалғыз жол – платмасса өндірісіне шектеу енгізу екенін алға тартып отыр аталған фирма жетекшісі Вон Эрнандес.

0 пікір
Мұрағат