Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер
Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер
27 күн бұрын 302 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар суда немесе компоста бірнеше күннің ішінде іріп, ыдырайтын пластик жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Berkeley Lab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Калифорния университетінің және Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасының ғалымдары пластикке ферменттер, соның ішінде полилактикалық қышқыл (аталмыш қышқыл мен пластик туралы туралы мәліметті kk.radarbio.com дерек көзінен толығырақ біле аласыздар – ред.) қосылса, пластиктің суда немесе компоста бірнеше күннің ішінде іріп, ыдырайтынына көз жеткізген. Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластиктер бұрыннан бар, алайда, пластиктің жұрнағы компоста қалып қояды немесе түбегейлі ыдырамайтын. Ал бұл жолғысында пластикті улы емес молекула деңгейіне дейін ірітетін ферменттер қамтылған. Осылайша зиянды микропластиктің ізі де қалмайды. Бұған қоса, толық ыдырайтындығына қарамастан материал мықты, икемді әрі бағасы арзандау. Ферменттер қосылғанымен бағасының көтерілуіне көп әсер ете алмайды. «Шын мәнінде, ферменттер – реакция тудыру үшін табиғаттың өзі әзірлеген катализаторлар. Табиғаттың бір бөлшегіне айналатын материалға қол жеткіңіз келсе, табиғаттың өзі тудырған компоненттерді пайдаланған жөн. Фермент пластиктен жұрнақ та қалдырмайды. Пластик титтей бөлшектерге ыдыраса да ферменттер одан ары іріте береді»,- деп түсіндірді өздерінің жаңалықтарының маңызын түсіндірген аталмыш зерттеуге атсалысқан Тин Сюй. Ол ол ма, бұл тәсілге жүгіне отырып, киім-кешектен бастап, телефон мен электроникалық бұйымдарда қолданылатын, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын желім жасауға болады. 

Жапониядағы Осака университетінің ғалымдары әдеттегі пластиктен екі есе мықты әрі суда еритін пластиктің жаңа түрін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Research at Osaka University ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар тобы маниоктан крахмал алып, оны әмбебап шикізат ретінде белгілі  ағаш целлюлозасынан (органикалық қосынды, көміртек, полисахарид) алынған талшықпен біріктірді. Қоспа су ерітіндісінде ерітіліп, қалыңдығы 0,01 см мөлдір қабаттың үстіне жайылды. Содан соң дайын өнім толық қатайғанша қыздырылды. Ғалымдар оның  биологиялық ыдырау процесін тексеріп көру үшін теңіз суымен толтырылған түрлі контейнерлерге салып көреді. Әр контейнердегі микроорганизмдердің мөлшері әрқалай болатын. Микроорганизмдері көп контейнерде пластик 30 күннің ішінде толық іріп, ыдырап бітсе, микроорганизмдері аздау контейнерлерде пластиктің ыдырауы баяу жүрген, дәлірегі, пластиктің құрылымы бір айдан аса уақыт бойы сақталған. Ал өзіміз күнделікті тұтынып жүрген кәдімгі пластик мұхитта шамамен 20 жыл жатады, ал пластик шөлмек 450 жылда ыдырайды. Осака жоғарғы оқу орнынан аталған зерттуге атсалысқан Хироши Уяма жыл сайын әлемдік мұхитқа сегіз млн тоннаға тарта пластик тасталатынын қынжыла жеткізді. Өздерінің бұл жаңалығы өз кезегінде бұл проблеманы шешуге көмектесетінін алға тартты. Осынау зерттеуге қатысқан ғалымдардың бірі Anthropocene Magazine порталына берген сұхбатында пластиктің жаңа түріне қолданылатын материал арзанға түсетінін әрі оны өндіру процесінің оңайға соғатынын айта келе бұл пластик осы күнде қолданыстағы пластикті алмастыра алатындай жаппай шығарылатынына сенім артып отыр.

Қосымша мәлімет: 

Нью-Йорк мегаполисінің тұрғындары жыл сайын 23 млрд тоннадан аса пластикті пайдаланады. 

kk.radarbio.com дерек көзінен:

ПОЛИЛАКТИКАЛЫҚ ҚЫШҚЫЛ БИОПЛАСТИКАСЫНЫҢ ТИПТІК ҚОЛДАНЫЛУЫ 

Полилактикалық қышқыл биопластикасының типтік қолданылуы

PLA өзі жалпы полимерлік материалдардың негізгі сипаттамаларына ие, механикалық өңдеудің жақсы көрсеткіштері және кішірейтілген алифатты полиэфирге жатады. Оны синтетикалық пластмассалардың көпшілігінде қолдануға болады. Бұл орауыш материалдарды, тұрмыстық техниканың қабықшаларын және биологиялық ыдырайтын медициналық бұйымдарды жасау үшін кеңінен қолданылады.
Талшықты экструзия: шай пакеті, киім; инъекциялық қалыптау: контейнер, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ; қосылыс: ағаш және PMMA, PC, ABS; термоформалау: десерт контейнері, науа, кесе, кофе капсуласы; үрлеу: балқытылған шырын, косметикалық бөтелке; бұл материалдың әмбебаптығы өте қызықты барлық 3D басып шығару жобаларына қатысты. Алайда PLA-ның жұмсарту температурасы төмен, сондықтан ол ыстық сұйықтыққа жарамайды.

Биопластикаға жаһандық экологиялық саясаттың өзгеруінің әсері

2017 жылдың тамыз айында Қытай қалдықтарға тыйым салу туралы бұйрық шығарды, бұл әлемдегі ірі дамыған елдерде пластик қалдықтарының қысқа мерзімді бұзылуына әкелді. Нәтижесінде, Еуропалық Одақ 2022 жылға дейін бір реттік ыдырайтын емес пластмасса өнімдерін пайдалануға тыйым салу туралы шұғыл пластикалық стратегия шығарды. Дүние жүзінде осындай саясат шығарған 67 мемлекет бар, бұл биологиялық ыдырайтын пластиктерге үлкен мүмкіндіктер береді.
2018 жылғы 9 маусымда Канада, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Еуропалық Одақ G7 саммиті кезінде «теңіз пластикасы хартиясына» қол қойды. Бұл теңіз пластикасы мен микропластикасы бойынша бірқатар міндеттемелер мен іс-қимылдарды қамтитын G7 саммитінің қорытындысына қосымша ретінде ресми түрде жарияланған заңды күші жоқ құжат. Жеті топтағы АҚШ пен Жапония бұл құжатқа қол қойған жоқ. 

Тұтынушылардың қоршаған ортаны қорғау туралы хабардар болуы 

Биопластикалар, компостталатын, биологиялық ыдырайтын заттар: бүгінгі пластиктен тұрақты болашаққа. Пластикалық қалдықтар қоқыс емес. Егер ол дұрыс пайдаланылса және қайта өңделсе, бұл әлеуметтік ресурс. Бұл мәселені шешу үшін біз тұтынушылықтың қазіргі моделін қайта қарастырып, пластикалық ластанудың негізгі себептерін қарастыруымыз керек. Биопластиканы және кәдеге жарату және қайта өңдеу бағдарламаларын пластмассаны қайта өңдеу экономикасы етіңіз.

Біз (Wuhu Radar Plastic Company Limited) өнімдерін шығаратын биологиялық ыдырайтын материалдар
Біз PLA және PBAT-ны биологиялық ыдырайтын өнімдерге арналған негізгі материалдар ретінде қабылдаймыз
1, PLA орамасы, PLA Stretch пленкасы, PLA орам пленкасы;
2, PLA сөмкелері (биологиялық ыдырайтын иттердің сөмкелері, биологиялық ыдырайтын қоқыс сөмкелері), ол PLA + PBAT;
3, ПЛА сабаны, ПЛА ішетін сабан.
Біздің өнімдеріміздің барлығы 100% биологиялық ыдырайтын және компостирленген, бұл EN13432, ASTM D6400, BPI, FDA, мақұлданған. 

0 пікір
Мұрағат