Пластикті залалсыздандырудың тағы бір тәсілі табылды
Пластикті залалсыздандырудың тағы бір тәсілі табылды
3 жыл бұрын 1762 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Koji Sasahara / AP

Британ ғалымдары пластиктің уақыт өте келе балауызға айналатын жолын тапты. Бір қызығы, бұл тараптағы Polymateria стартапы ең алдымен Азияда кеңінен қолданылатын болды (пластикптен ластану деңгейі ең жоғары аймақ) – аталмыш британ компаниясы Тайвандағы 7-Eleven алыбымен мәмілеге келді және өз технологиясын әлемдегі аса ірі пластмасса өндіруші Formosa Plastics компаниясына сатты. Бұдан бөлек, үнділердің Godrej Consumer Products компаниясы да осы жылдың аяғында британдық стартап өнімдерін тұтынуға көшеді. Бұған қоса, британдық стртап Малайзия мен Филлиппин компанияларымен де келісім-шартқа отырады. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша нарыққа аз уақыт ішінде биологиялық тұрғыдан толық ыдырайтын пластик жол тартты. Британдық аталған фирманың бас директоры Найл Данның айтуынша, өз өнімдерінің нарыққа жол тартуын бүгінде адамзаттың бас ауруына айналған басты проблеманы (қоршаған ортаның ластану) еңсеруге бағытталғанын, дәлірегі, пластиктің әлемдік мұхитты ластау проблемасын шешуге көп көмектесетінін алға тартып отыр. Polymateria стартапының ресми сайтында айтылғандай, 2050 жылға қарай әлемдік мұхиттағы пластик млшері 2,1 млрд тоннаға жетпек. Міне, осы проблеманы еңсеру үшін бұл бағыттағы тәсілі пластикпен ластану деңгейін төмендетуге көмектеспек. Polymateria өнімінің басты артықшылығы микропластиктен (пластик ыдыраған кезде ұзындығы бем миллиметрден аспайтын жұрнағы) жұрнақ та қалмайды. Аталмыш стартап мұндай жетістікке қалай жетті? Бұл бағыттағы технологияда пластикке каучук, май, ылғал сіңіретін, т.б. өзге де ондаған химикаттар қосылған. Олар пластик полимерін бұзып, балауызға айналдырады. Табиғи ортада оны бактериялар толық қорыта алады. Polymateria технолгиясы тағамды орауға арналған өте жұқа пленкадан бастап ыдыс пластик жасауға да келеді. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, жұқа пленкалар 226 күнде толық ыдырап бітеді. Бұдан блек, мұндай материалды екінші қайтара пайдалануға да болады.

Ұқсас материалдар:

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0);

"Пластик пакет қағаз пакетке қарағанда экологияға зияны аз болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/plastik-paket-qagaz-paketke-qaraganda-ekologiyaga-ziyany-az-bolyp-shyqty-15723/#gsc.tab=0);

«Бір жылда ыдырап жоғалатын пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-jylda-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-14245/#gsc.tab=0);

«Палма майының қалдығынан биологиялық ыдырауы жылдам пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/palma-maiynyn-qaldygynan-biologiyalyq-ydyrauy-jyldam-plastik-jasaldy-14395/#gsc.tab=0);

«Улы пластикпен қоректенетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uly-plastikpen-qorektenetin-bakteriya-tabyldy-13404/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат