Бір жылда ыдырап жоғалатын пластик жасалды
Бір жылда ыдырап жоғалатын пластик жасалды
4 жыл бұрын 2505 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Немістердің өнеркәсіптік жүйе және жобалау технологиясы институтының қызметкерлері құрамында минералдар кездесетін қалдықтардан биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасады. 12 айдың ішінде ыдырап жоғалатын жаңа материал осы күнгі кеңінен қолданылып жүрген өзге пластиктерге қарағанда мықтылығымен ерекшеленеді. Қолданыстағы пластиктердің екі проблемасы бар: біріншісі, ол мұнай шикізаты секілді бір таусылса орны толмайтын, яғни, жаңғыртылмайтын ресурстан жасалады, ал екіншісі – ыдырап жоғалуына кем дегенде жүздеген тіпті, мыңдаған жылдар кететіндіктен қоршаған ортаға орны толуы қиын залал келтіреді. Аталған екі проблемы бір мезетте шешу үшін неміс ғалымдары биопластик өндірісіне қатысты тың технологияны ойлап тапты. Құрамында минералдары көп кәсіпорындар тастайтын өндірістік майлардан минералдарды бөліп алып, генетикалық тұрғыдан модификацияланған, яғни, түрлендірілген бактерияларға арналған қоректік ортаға орналастырды – олар айналасындағы заттардан полигидроксибутират – биологиялық тұрғыдан ыдырайтын полимер жасауы үшін. Микроорганизмдер полигидроксибутиратты синтездеген соң өз «денесінде» сақтай алады, сол себепті, таза полимер алу үшін ғалымдар бактериялардан синтезделген материалды бөліп алды. Осыдан кейін полимерді табиғи ортаға қарағанда сұйық күйінен қатты затқа жылдам айналдыратын, патенттелген, яғни, меншіктелген қоспалармен араластырды. Нәтижесінде өзгешелегі құбыр, пластик ыдыс-аяқ, электрді оқшаулайтын таспа, т.б. жасалатын полипропиленге — полимерге ұқсас материал алуға қол жеткізді. Неміс ғалымдарының бұл пластигі қоқысқа жиі тасталатын бір жолғы пайдаланылатын ыдыс жасауда қолданылатын болады. Салыстырмалы түрде жылдам ыдырайтындығы үшін. Осылайша қоршаған ортаға пластиктің залалы төмендетіледі.

0 пікір
Мұрағат