Ғылымға белгісіз құрбақа табылды
Ғылымға белгісіз құрбақа табылды
3 жыл бұрын 3536 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сан-Франциско-де-Кито университетінің ғалымдары Эквадор мен Перу шекарасындағы Анд тауының шығыс бөлігінен құрбақаның жаңа түрін тапты. Бұл амфибияны ерекше дауыс шығыратыны үшін әрі Led Zeppelin британдық рок тобының құрметі үшін Led Zeppelin деп аталды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Pristimantis ledzeppelin құрбақасының ұзындығы (аяғы мен алақанын есептемегенде) 3,6 сантиметрге дейін жетеді. Аталған тіршілік иесі судан 1,7-3 метр биіктікте бұта жапырағында күнұзақ уақыт өткізгенде жақсы көреді. Pristimantis ledzeppelin ареалы, яғни, тіршілік ету ортасы ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының қарқы дамуына, қазбалы байлықтардың игерілуіне байланысты және климат өзгерісінен жойылуы мүмкін. Бұл қосмекенді тіршілік иесі арнайы қорғауға зәру. Өйткені, өзге аймаққа қоныс аударуы екіталай. Жалпы Pristimantis тобында 569 түр бар екен, оның 28-і соңғы екі жыл ішінде Эквадор аумағынан табылған. Оңтүстік Америка жаңа түрлерді іздестірудің келешегі кемел өңірлердің бірі. Мәселен, ғалымдар Боливияның таулы жеріндегі ит тұмсығы батпайтын ну жыныстан екі апта ішінде жануарлар мен өсімдіктердің ғылымға белгісіз жиырма түрін тапқан болатын.

Pristimantis ledzeppelin

Ұқсас матриалдар: 

"Құрбақаның тағы бір түрі табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qurbaqanyn-tagy-bir-turi-tabyldy-15302/#gsc.tab=0);

«Құрбақаның беймәлім түрі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qurbaqanyn-beimalim-turi-tabyldy-15204/#gsc.tab=0);

«Әйнек бақаның қамқорлығы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ainek-baqanyn-qamqorlygy-fotovideo-13582/#gsc.tab=0);

«Титикактық ысқырушы бақа» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/titikaktyq-ysqyrushy-baqa-fotovideo-13412/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат