Құрбақаның тағы бір түрі табылды
Құрбақаның тағы бір түрі табылды
3 жыл бұрын 2124 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Жаңа Гвинеяның батпақты ну орманынан құрбақаның жаңа түрі табылды — Litoria mira. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді. Аталмыш амфибияның, яғни, қосмекендінің терісінің түсі какаоны еске түсіретіндіктен, оны «шоколадты бақа» атап кетті. Бұл қосмекенді алғаш рет 2016 жылы байқалған болатын, алайда, оның бақаның беймәлім түрі екені енді расталып отыр – ДНҚ-тес нәтижесінен. Шоколадты бақаның жақын туысы ретінде австралиялық жасыл бақа аталып жүр. Ол кейде қошқыл түсті болатындықтан ғалымдар Litoria mira бақаның жаңа түр екеніне көз жеткізуге тура келген. ДНҚ-тест нәтижесі көрсеткендей, шоколадты бақа австралиялық «туысынан» генетикалық тұрғыдан айрықшыланатындай деңгейде эволюцияға ұшыраған. Шоколадты бақа ересегінің дене ұзындығы 7-8 сантимтерге дейін жетеді. Ол тек Жаңа Гвинея аумағында ғана тіршілік етеді.

Шоколадты бақаның жақын туысы ретінде австралиялық жасыл бақа аталып жүр

Ұқсас материалдар:

«Құрбақаның беймәлім түрі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qurbaqanyn-beimalim-turi-tabyldy-15204/#gsc.tab=0);

«Әйнек бақаның қамқорлығы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ainek-baqanyn-qamqorlygy-fotovideo-13582/#gsc.tab=0);

«Титикактық ысқырушы бақа» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/titikaktyq-ysqyrushy-baqa-fotovideo-13412/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат