Ажал калькуляторы жасалды
Ажал калькуляторы жасалды
3 жыл бұрын 1558 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Канадалық ғалымдар адам қартайған сайын олардың қабілетін анықтап, қандай көмекті қажетсінетінін әрі ғұмырының қашан таусылатынын болжайтын «ажал калькуляторын» жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Canadian Medical Association Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Risk Evaluation for Support: Predictions for Elder-Life in the Community Tool (RESPECT – «Қолдау үшін қатерді бағалау: қоғамдастықтағы қарт адамдарға арналған болжам») деп аталатын құрылғы адамның ажалын өлуіне 6 ай қалғанда болжай алады. Бұл аспап 2007-2013 жылдар аралығында үйде күтім көрген 491000-нан аса қар адамның дерегіне негізделген. RESPECT калькуляторы қар адамы бар отбасы мен туыстарына көп көмегін тигізе алады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, қашан демалыс алу керектігін, т.б. жоспарлауға көмектеседі. Бұл құрылғы адамның күнделікті іс-әрекетін бағалау арқылы оның қабілетін, денсаулығын анықтай алады, мәселен, тазалықты сақтау, дәретхананы пайдалану, т.б. кезіндегі қимыл-қозғалысының ширақтығын, сергектігін, жинақылығын, ұқыптылығын, т.б. бағалайды. Оттава емханасының дәрігері Питер Танусепутро калькулятордың денсаулық сақтау жүйесінде кеңінен қолданылуы мүмкін екенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат