Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр
Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр
3 жыл бұрын 3172 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ауған жерінен АҚШ бастаған коалиция күштерінің кетуіне байланысты билікке ұмтылған тәліптермен мәмілеге келуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресейдегі халықаралық «Валдай» пікірталас клубының сарапшысы әрі Орта Азия мен Тәжікстандағы Қытайді зерделеу жөніндегі орталықтың диркеторы Құдайберді Халықназаровқа жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігінің мұндағы мақсаты ауған жерінде шетелдік күштер шыққаннан кейін азаматтық соғыстың тұтануына жол бермеуге саяды, яғни, Financial Times мерзімді басылымының жазуынша, Қытай билігі тәліптер қозғалысына ұйғыр мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатуға ұсыныс жасаған. Соның ішінде, Қытай қыспағына ұшыраған ұйғырлардың «Шығыс Түркістанның ислами қозғалысымен» ынтымақтастық орнатпауы тиіс. Өйткені, Қытайдың Шыңжан өлкесі мен Ауғанстанның шекарасы ортақ. Есесіні, Қытай тарапы Ауғанстанды тәліптердің қолымен қалпына келтірмек, соның ішінде инфрақұрылымды қалпына келтіреді. Осылайша Қытай билігі тәліптер қозғалысымен келісімге келуде екі мақсатты көздейді: біріншісі – саяси қуғын-сүргінде жүрген ұйғырлардың содырлар қатарын толықтыруы ықтимал қатердің алдын алмақ, яғни, өзінің мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етпек; екіншісі – Пәкістан мен Ауған жерінің аумағынан өтетін «Бір белдеу – бір жол» ғаламдық жобасына қатысты экономикалық мүддесін қорғамақ.

Islam.kz:

Қытай билігінің бір қарағанда халықаралық саясатта, соның ішінде өзіне қатысы жоқ жанжалдарға араласа бермейді, Қытайдың белсенділігі көзге көрінбейді. Десек те Қытай билігінің ауған жеріндегі белсенділігі 2014 жылдан бастап оянды. Бір қызығы, бұл Қытайдың белгілі әдісі болып табылатын өзінің экономикалық мүддесін қорғауда көрінетін белсенділікке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын белсенділік еді – 2007 жылдан бастап қытайлар ел  астанасы Қабул қаласы маңындағы Месайнақ мыс кен орнын отыз жылға жалға алған болатын. Бұл мәміленің құны қымбат – үш млрд доллар инвестиция Ауған экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестиция болатын. Алайда, нақты шындығында нәтижесі шамалы болып шықты – аталмыш кен орнынан мыс өндіріліп жатқан жоқ, осы арада өткен 11 жыл ішінде ауған бюджетіне тек 86 млн доллары ғана түскен. Әлбетте, Ауғанстан Қытайдың сыртқы экономикалық экспанциясында маңызды рөл онайды, оны жоққа шығару мүмкін емес, әсіресе, минералды ресурсқа бай ауған жері қытай алпауыттарының көзқұртына айналғалы қашан. Естеріңізде болса, ауған жеріндегі жарты әлемнің байлығын жамбасына басқан минералды ресурстары жөнінде осыдан аттай екі жыл бұрын айтып өткенбіз – «Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0). Тіпті, мыс та, молибден де, темір рудасы да, алтын да немесе күміс те емес, қытай тарапын осы заманғы өлшем бойынша ең құнды ресурс болып табылатын, осы заманғы озық технологияда кеңінен қолданылатын кобальт, бериллия, лития секілді ресурс қызықтырған еді. Ең басты проблема – ауған жеріндегі шетелдік инвестицияға төнетін қауіптен бұрын аталған ресурстарды өндіру тым шығыны көптігі қытай жағын тежеп ұстап келген  болатын. 

0 пікір
Мұрағат