Құрбақаның беймәлім түрі табылды
Құрбақаның беймәлім түрі табылды
9 ай бұрын 1091 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме. Фото: Nunes et al./PLOS One

Бразилияда қараңғыда жарық шашатын, уы бар құрбақа табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Латын Америкасында орын тепкен аталған елдің Сан-Паулу штаты аумағынан табылған, Асқабақ құрбақасының (Brachycephalus ephippium) бір түріне жататын бақаның бұл түрі сыртқы түсіне қарай асқабақты еске түсіретіндіктен осылай аталып кеткен – флуоресцентті жарқын түсті болып келеді. Бақаның бұл түрі уақытының көбін орманда өткізеді. Таяуда табылған құрбақаға Brachycephalus rotenbergae атауы берілді. Денесінің ұзындығы шамамен екі сантиметрден аспайтын құрбақа енді зерттеліп жатыр, сол себепті, оның түсінің соншалықты жарқын әрі қанық болуының сыры беймәлім. Ғалымдардың топшылауынша, жыртқыштарға өзінің улы екенін ескертуші белгісі де болуы мүмкін. Бұдан бөлек, серігіне өзінің қайда екенін аңғаруы немесе серігі бағдар алуы үшін осындай түсті болуы ықтимал. Я болмаса сары және сарғыш түсті жапырақтар мен саңырауқұлақтар арасында айрықшалап көрсететін камуфляж ретінде қызмет атқаруы да мүмкін. Құрбақаның бұл түрі улы болып келеді – бойында тетродотоксин болғанымен адамға өлім тудыратындай қауіпті емес. Жалаңаш қолыңызбен ұстап көруге болады, алайда, мұрныңызға, аузыңызға немесе көзіңізге жақындатпау керек, уланып қаласыз. Алайда, өзінен шағын жәндіктерге, құстарға немесе сүт қоректілерге аса қауіпті

0 пікір
Мұрағат