Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін
Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін
3 жыл бұрын 2882 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы билігі әлемнің көптеген елдерінде қызметі мен насихатына қатаң тыйым салынған Ауғанстандағы тәліптер қозғалысының мәртебесін қарастыруы мүмкін. Яғни, терроистік ұйымның қатарынан алып тастауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кремлдің мұндай қадамға баруына, біріншіден, АҚШ бастаған коалиция мен Солтүстік-Атлант саяси-әскери альянсына мүше елдер сарбаздарының ауған жерінен кетуіне байланысты тәліптердің бірден күш алуы себеп болса (ауған жерінің кей дерек көздері бойынша 80 пайызын бақылауда ұстайды. Яғни, түбі билікке тәліптер қозғалысының келетініне көз жеткізіп отыр), екіншіден, тәліптер қозғалысының Ресейдің билік ету аймағы болып табылатын Орта Азияға ену қаупі – Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіруі. Осы қатердің алдын алу әрі аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресей билігі тәліптермен келіссіөз жүргізді. Күні кеше. Бұл келіссөзде тәліптердің Орта Азия елдерінің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірмейтініне уәде беріп отыр. Бұдан бөлек, осы заманғы Ауғанстанды зерделеу орталығының әрі Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңес сарапшысы Никита Мендковичтің айтуынша, Ресей тәліптер қозғалысының мәртебесін қайта қарастыруы мүмкін. Тек бірқатар шартпен. Атап айтқанда, террористік әрекеттен бас тарта отырып, өз бақылауында ұстайтын өңірлердегі лаңкестердің әрекеті мен насихатына тыйым салуы тиіс, содырларды заңмен қудалауы керек; өзінің қызметін өзгертіп, бағдарламасын жариялауы тиіс. Ресей бұл келіссізге неліктен мүдделі екенін айтып өттік, Ресей АҚШ емес Атлант мұхитының арғы жағалауына көшіе кететін, іргесіндегі аса ірі радикалды қозғалыстың екпіні мен тепкінінен сескенеді. Ал ресми емес мәліметке сенсек, мұның бәрі Кремл сценариі бойынша жүзеге асырылып жатқан геосаяси ойынның бір тармағы ғана – естеріңізде болса, 2019 жылы да тәліптер Мәскеу қаласында РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен болатын. Ұзынқұлаққа қарағанда, Ресей тәліптерге қаржылай әрі әскери көмек көрсеткен. Америкалықтарды ауған жерінен ығыстыру үшін.

Ұқсас материалдар: 

"Ауған факторы: геосаяси ойын тәртібі өзгеріп келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-geosayasi-oiyn-tartibi-ozgerip-keledi-15407/#gsc.tab=0);

«Ауғанстаннан НАТО әскерлері шығарыла бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstannan-nato-askerleri-shygaryla-bastady-15102/#gsc.tab=0);

«АҚШ-тың тәліптерге "күні қарап" қалды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-tyn-talipterge-kuni-qarap-qaldy-10566/#gsc.tab=0);

«Тәліптердің күші неде немесе тәліптер билік басына келгенде Ауғанстанды өркендеген елге айналдыра ала ма» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipterdin-kushi-nede-nemese-talipter-bilik-basyna-kelgende-auganstandy-orkendegen-elge-ainaldyra-ala-ma-12419/#gsc.tab=0);

«АҚШ Ауғанстанда жаңа соғыс бастауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-auganstanda-jana-sogys-bastauy-mumkin-8052/#gsc.tab=0)

"Тәліптер Ауғанстанда өздерінің мемлекеттік органын құратынын мәлімдеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-auganstanda-ozderinin-memlekettik-organyn-quratynyn-malimdedi-8018/#gsc.tab=0);

"Тәліптер мен АҚШ келіссөзіндегі негізгі тезис" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-men-aqsh-kelissozindegi-negizgi-tezis-11380/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат