Әлемде 1 минутта аштан өлетіндер қарасы короновирустан 1 минутта көз жұматындардан көп
Әлемде 1 минутта аштан өлетіндер қарасы короновирустан 1 минутта көз жұматындардан көп
3 жыл бұрын 2054 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша әр минут сайын 11 адам аштан үзіледі. Пандемия келгелі тіптен өршіп кеткен азық-түлік тапшылығынан 2020 жылы аштан "қататындар" қарасы алты есеге артып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде кедейлікпен күрес жөніндегі  Oxfam ұйымының келтірген дерегіне жөн сілтеген islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, аталған ұйымның мәліметі бойынша бүгінде күллі әлемнің апшысын қуырған жұқпалы індеттен көз жұматындарға қарағанда аштан өлетіндер қарасы көп: 1 минутта аштан бақилық болатындар саны – 11; ал тәжді тажал вирусынан дүние салатындар қарасы – 7 адам (1 минутта). Пандемияға байланысты оқшаулау әрі шектеу шараларынан азық-түлік бағасы әлем бойынша 40 пайызға өсіп кеткен. Бұдан бөлек, карантиннен жер-жерде жұмыссыздық белең алып тұр. Oxfam өкілдерінің статистикасына үңілсек, әлемдік әскери шығын 51 млн долларға көбейген, бұл көрсеткіш Біріккен Ұлттар Ұйымының аштықпен күресуге қажетті қаражаттан алты есе көп. Қазіргі уақытта қақтығыс жүріп жатқан, аштық қаупі төнген аймақтарда шамамен 100 млн адам өмір сүруде.

0 пікір
Мұрағат