Тәліптер мен АҚШ келіссөзіндегі негізгі тезис
Тәліптер мен АҚШ келіссөзіндегі негізгі тезис
5 жыл бұрын 2620 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі мен тәліптер қозғалысының өкілдері Ауғанстан аумағынан америкалық контингентті шығаруға қатысты ортақ келісімге келмек. Есесіне, тәліптер қозғалысы ауған жеріне халықаралық террористік топтарды кіргізбеу міндетін өз мойнына алмақ. Катар астанасында өткен келіссөздің барысынан нені ұқтық? АҚШ-тың ширек ғасырға жуық уақытқа созылған соғыста тәліптер қозғалысынан жеңілгенін білдіре ме? Бұлай ойлау біржақтылыққа ұрындар еді: біріншіден, бұрын да талай хабарлағанымыздай, АҚШ-тың бұл елдегі мақсаты мен мүддесі өздері немесе әлемнің көптеген елдері террористік ұйым санайтын тәліптер қозғалысын жоюда емес, мүлдем басқа тарапта екенін айтып кеткенбіз. Ауған жұрты үшін елді басқыншылардан азат ететін партизандық қозғалыс саналатын тәліптер АҚШ-тың мақсаты мен мүддесіне кедергі келтіретін күш қана. Екіншіден, АҚШ тарапы шет-шегі көрінбейтін бұл соғысқа жұмсаған шығыны тым көбейіп кетті. New York Times ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегі осыған саяды. 

0 пікір
Мұрағат