Қытай билігінің қарқыны қатты – тағы бір индустрияны күйретуге кірісті
Қытай билігінің қарқыны қатты – тағы бір индустрияны күйретуге кірісті
2 ай бұрын 2456 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан аттай екі ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Қытай билігі аса ірі интернет индустриясын жоюға кірісті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-asa-iri-internet-industriyasyn-joyuga-kiristi-15334/#gsc.tab=0); материалымызда елде өркен жайған, кірісі бірнеше ондаған миллиард долларға жетіп, өз алдына империя құра білген білім беру инсдутриясын білек сыбана жоюға кіріскені турасында жазғанбыз. Қытай билігінің бір қарағанда, монополияға қарсы әрекет етіп жатқандай көрінгенімен немесе елде ірі капиталдың шоғырлануына қарсы майдан ашқандай көрінетін бұл әрекетінің астарында не жатқанын сарапшылар түсіндіріп бере алмай отыр. Жылдар бойы тұрғызылған үйді қиратып тастағандай әсер қалдыратын бұл әрекеті бірыңғайда ел экономикасы мен болашағына көп қатысы жоқ, тек белгілі бір топтың ғана қалтасын қалыңдататын мұндай жобалардан арылуға ден қойғаны іспетті – қосымша білім берумен айналысатын компанияларға коммерциялық емес ұйымға айналуға ұсыныс жасалып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігі компанияларға капитал тартуға, биржаға шығуға осылайша тыйым салып отыр. Мектеп қабырғасында оқылатын пәндер бойынша қосымша білім беретін ұйымдар ендігі жерде акциялары биржада саудаланатын кәсіпорындарға сатылмайды, олардан инвестиция алынбайды. Шетелдік капиталды пайдалануға да тыйым салынады. Жергілікті реттеуші органдар бұл салада өзісін ашып, ұйымын тіркегісі келетін фирмалардың сабақтан тыс білім бере алмайды. Бұдан бөлек, каникул кезінде қосымша білім алуға тыйым салынады. Бұл секторда жұмыс істеп келген компаниялардың құны күрт құлдырап кетті. Мәселен, New Oriental Education & Technology Group компаниясының акциясы шілде айының 23-і күні Гонконгтегі сауда кезінде 41 пайызға құлдырап кеткен. Ал Koolearn Technology Holding акциясы 28 пайызға, TAL Education 47 пайызға құлдырап кеткен. Gaotu Techedu құнды қағаздарының жартысы құнсызданып кетті. 

Ұқсас материалдар: 

«Мемлекеттік машина өз дегенін істейді: қытай компаниялары капиталының едәуір бөлігінен бас тартуға мәжбүр» (https://islam.kz/kk/news/alem/memlekettik-mashina-oz-degenin-isteidi-qytai-kompaniyalary-kapitalynyn-edauir-boliginen-bas-tartuga-majbur-15513/#gsc.tab=0); 

«Қытай билігі технологиялық компанияларға тағы бір майдан ашты» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-tagy-bir-maidan-ashty-15459/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі аса ірі интернет индустриясын жоюға кірісті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-asa-iri-internet-industriyasyn-joyuga-kiristi-15334/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі технологиялық компанияларға бақылауды күшейтетін заң забылдады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-baqylaudy-kusheitetin-zan-zabyldady-15358/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі ел аумағындағы технология алыптарынан қорқайын деді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-el-aumagyndagy-tehnologiya-alyptarynan-qorqaiyn-dedi-14408/#gsc.tab=0) 

 

0 пікір
Мұрағат