Қытай билігі технологиялық компанияларға тағы бір майдан ашты
Қытай билігі технологиялық компанияларға тағы бір майдан ашты
3 жыл бұрын 1576 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Brendan McDermid / Reuters

Қытай билігі елдегі технологиялық алыптарға қарсы қылбұрауды қатайтып, олармен күрестің жаңа кезеңіне өтті. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өткен жылы басталған технологиялық компанияларға қарсы науқан басқа бағытқа ауысты – бұл арада деректерді жинау және сақтауды реттеу турасында сөз болып отыр. Шілде айы басталмай жатып, дәлірегі, осы айдың алғашқы үш күнінде киберқауіпсіздік жөніндегі жергілікті басқарма бірнеше тергеуді бастап кеп жіберді. Соның бірі - еліміздегі монополияға қарсы күресте ресейлік inDriver  жолаушылар тасымалы бойынша қызмет ететін компанияға бәсекелес болу мақсатында қазақстандық нарыққа жол тартқан қытайлық Didi такси агрегаторына тексеру жұмыстары басталды. Мәліметтер қауіпсіздігіне байланысты. Аталмыш компанияға елдегі дүкендерден өз қызметін ұсыну жөніндегі қосымшаларын алып тастауды талап ететін бұйрық берілді. Бұдан бөлек, жұмыс іздеушілерге арналған қосымшаны әзірлейтін Boss Zhipin компаниясына да, жүктерді жеткізіп берумен онлайн арқылы айналысатын Full Truck Alliance еншілес компаниясына да тергеу жұмыстарын бастады. Осчы орайда Didi мен Boss Zhipin компанияларының таяуда ғана АҚШ-тағы биржаға шыққанын айта кетпекпіз. Осы уақытқа дейін Қытай билігінің технологиялық алыптарға қатысты тексеру жұмыстары негізінен бәсекелестік мәселелері мен қаржы технологияларын реттеуге қатысты жүргізіліп келген болса, енді деректерді сақтау мәселесіне назар аударып отырғанын айта кетпекпіз. Әзірге тексеру, тергеу жұмыстары қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған нормалар бойынша жүргізіліп келеді, десе де көп ұзамай компаниялардың ақпараттарды қалай жинап, сақтайтынын немесе беретінін реттейтін ереже қабылданатын болады. Бұдан бөлек, персоналды деректерді қорғау жөніндегі заң жобасы да әзірленып жатқан көрінеді. Trivium China консалтингтік компаниясының серіктесі Кендра Шефер Қытай билігінің бұл қадамын технологиялық алыптарға қарсы тағы бір майдан ашқаны деп есептейді. Ал әлемдегі қаржылық және экономикалық жаңалықтарды таратумен айналысатын Bloomberg ақпарат көзінің жазуынша, Didi такси агрегаторына Қытай билігінің нақты қандай айып тағып отырғаны түсініксіз. Аталмыш компания АҚШ биржасына шыққанына екі күн өтпей жатып, тергеудің астында қалды – деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікті сақтау, және қоғам мүддесін қорғау деген желеумен. Десе де шілде айында аталған агрегатор монополияға қарсы ережені бұзды деген күдікке ілінген болатын. Қытай билігінің бұл әрекеті, бір жағынан, қазақстандықтарды теспей сорып отырған, нақты бәсекелесі жоқ болғандықтан өзі би, өзі қожа ресейлік такси қызметін ұсынатындарға мықты желеу болды, бұл жаңалықты іліп әкетіп, дереу өздерінің пайдасына жаратып, қазақстандықтарды бұрмаланған ақпараттармен үркітіп әлек. Ал Қытай билігінің технологиялық алыптарға неліктен шүйлігіп отырғанын бұрын да айтып өткеніміздей, тағы бір мәрте естеріңізге сала кетпекпіз: бұл ең алдымен технологиялық алыптардың жылдан жылға өсіп келе жатқан ықпалын тежеу үшін қолға алынып отыр. Екіншіден, батыс елдерімен Тайуан, т.б. территорияға қатысты даулы мәселелерде шиеленісіп келе жатқан жанжал кезінде шекараны білмейтін цифрлы кеңістіктегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге саяды.

Ұқсас материалдар:

«Қытай билігі технологиялық компанияларға бақылауды күшейтетін заң забылдады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-baqylaudy-kusheitetin-zan-zabyldady-15358/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі ел аумағындағы технология алыптарынан қорқайын деді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-el-aumagyndagy-tehnologiya-alyptarynan-qorqaiyn-dedi-14408/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат