Қытай билігі технологиялық компанияларға бақылауды күшейтетін заң забылдады
Қытай билігі технологиялық компанияларға бақылауды күшейтетін заң забылдады
3 жыл бұрын 1513 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда деректерді сақтауға бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін заң қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптарына сәйкес «негізгі мемлекеттік мәліметтерді» сақтай алмаған немесе дұрыс сақтамаған технологиялық компаниялардың лицензиясын кері қайтарып алады. Сондай-ақ, заң талаптарын бұзған технологиялық кәсіпорында жауып, 1,6 млн долларға дейін айыппұл сала алады. Бұдан бөлек, Қытай билігінің арнайы рұқсатынсыз деректерді шетелде өңдеген, шетелдің құқық қорғау органдарына берген тех.компаниялар да жауапкершіліктен құтыла алмайды. Аталмыш заң осы жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Сарапшылардың айтуынша, Қытай билігі осылайша технологиялық алыптарға тағы бір соққы беріп отыр. Қытай билігінің елдегі технологиялық алыптарды қырына алып, қылбырауды бұрауы, міне, бірнеше айға созылып барады. Қытай билігі мен тех.алыптар арасындағы текетірес пен қайшылық осы елдегі ең ірі әрі әлемге танымал, ақпараттық технология саласында Қытай флагманы атанған Alibaba қожайыны Джек Маның арасындағы жанжалдан туындаған болатын. Осы орайда 2015 жылы Қытай билігінің киберқауіпсіздік туралы заңды қабылдағанын айта кетпекпіз. Міне, сол кезден бастап, Қытай билігінің технологиялық компанияларға бақылауды күшейтуге нақты қадам жасалған болатын. Қауіпсіздікті желеу етіп, ақпаратқа бақылау орнату және ақпаратқа еркін қол жеткізу жолдарын жабу, жергілікті билікке аталмыш заңның 50-ші бабы бойынша төтенше жағдайда интернеттен ажыратып тастау құқығы берілген болатын.

0 пікір
Мұрағат