2040 жылы адамзатты мұнарлы күндер күтіп тұр
2040 жылы адамзатты мұнарлы күндер күтіп тұр
2 ай бұрын 5020 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзат өрекениетін 20 жылдан кейін ауыр сынақтар күтіп тұр. Бұған ең алдымен ресурстардың жаппай сарқылуы мен адамзат қарасының көбеюі түрткі болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы Mic ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай болжам алғаш рет 1972-73 жылдары айтылған екен – сол жылдары Массачусет университетінің ғалымдары адамзат болашағының бұлыңғыр екенін, 2040 жылы ресурс тапшылығының зардабын тартып, өнеркәсіпте тоқырау басталып, ауыл шаруашылығында дағдарыс тереңдеп, аштық азабын тартатындар қарасының артатыны жөнінде сценарий түзген болатын. Бұл жағдайды адамзаттың еңсеруі қиын. Америкалық ғалымдардың бұл теориясының растығы жылдан жылға айқындалып келеді әрі бүгінде бұл теорияны Гайи Херринтон бастаған ғалымдар тағы бір мәрте тексерді. 2040 жылдан кейін адамзат тағдарының қалай өрбитінін алайда ғалымдардың өздері де айтып бере алмайды.

0 пікір
Мұрағат