Әлемде сусамыр дертіне қанша адамның шалдыққаны белгілі болды
Әлемде сусамыр дертіне қанша адамның шалдыққаны белгілі болды
3 жыл бұрын 1542 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Таяуда бұл бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлем бойынша сусамыр дертіне шалдыққандар қарасы жарты миллиард адамға жетіп қалған. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мичиган университетінің ғалымдары анықтағандай, 1980-ші жылдары аталмыш дерттен шамамен 108 млн адам зардап шексе, осы уақытқа дейін мұндай науқастардың қарасы төрт есеге артқан. Мамандар бұл тарапта әлемнің әр түкпірінен арнайы сауалнама жүргізіп, 25-64 жас аралығындағы 68 мыңнан аса адамнан емтихан алған. Сауалнамаға қатысқандардың 37 мыңнан астамы сусамырмен ауыратын болып шықты, алайда, олардың жартысынан көбісіне ресми диагноз қойылмаған. Соған қарамастан негізгі биомаркер сауалнама нәтижесін растап берді – тексерілген азаматтардың қан құрамындағы қанттың жоғары деңгейін көрсеткен. Зерттеуге тартылғандардың 90 пайызға жуығы екінші типті сусамырдан зардап шегетін болып шықты. Саламатты өмір салтын ұстанбауынан, дәлірегі, өз денсаулығына немқұрайды қараудан аталған дертке шалдыққан. Ең өкініштісі, бұл ауру жасарып келеді, бұрын жасы егде тартқан адамдарда кездессе, бүгінде жастар арасында да аталған кеселді жамап алғандар қарасы көбейіп келеді. Зерттеушілер бұл дерттің тек дамыған елдерге ғана тән еместігіне, сонымен қатар, дамушы елдерге де, соның ішінде табыс деңгейі төмен елдерде де етек алып келе жатқанына көз жеткізіп отыр. Яғни, әлемде аталған дерттен зардап шегетіндердің 80 пайызы табысы төмен елдердің еншісінде болып отыр.  Әлемнің 55 елінде жүргізілген зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, аталған дертке шалдыққандардың 10-нан біреуі ғана жан-жақты ем алады. Мичиган университетінің медицина ғылымдарының докторы Дэвид Флудтың айтуынша, күллі әлемде аталған дерттен зардап шегетіндер қарасы уақыт озған сайын геометриялық прогреспен артып келеді. Бұл дерттің ең қауіпті тұсы – инсульт пен соқырлыққа, жүрек талмасына ұрындырады.

Ұқсас материалдар:

"Сусамырмен ауыратындардың инсулин үшін өзіне ине шаншу машақатынан құтылатын күнге алыс қалған жоқ" (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrmen-auyratyndardyn-insulin-ushin-ozine-ine-shanshu-mashaqatynan-qutylatyn-kunge-alys-qalgan-joq-15073/#gsc.tab=0);

«Сусамырдан құтқаратын инсулиндік рецептор табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrdan-qutqaratyn-insulindik-retseptor-tabyldy-14778/#gsc.tab=0);

«Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/insulinge-taueldi-susamyrdan-qutqaruy-mumkin-janalyq-galymdar-insulindi-istep-shygaratyn-jasusha-jasady-12894/#gsc.tab=0);

«Метазерттеу: аз көмірсутекті диета 2-ші типтегі сусамырды емдейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/metazertteu-az-komirsutekti-dieta-2-shi-tiptegi-susamyrdy-emdeidi-14708/#gsc.tab=0);

"Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0

 

0 пікір
Мұрағат