ХХІ ғасыр қарақшыларына қарсы аса қуатты қорғаныш құралы жасалды
ХХІ ғасыр қарақшыларына қарсы аса қуатты қорғаныш құралы жасалды
3 жыл бұрын 1826 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Хакер – осы заманғы қарақшы, компьютер қарақшысы. Жыл сайын мыңдаған компания хакерлердің шабуылынан қыруар шығынға батып, мемлекеттік құпиялардың қолды болу қаупі артып келеді. Дамыған елдерде олардың шабуылына тойтарыс беру мақсатында кибер қауіпсіздік қызметі құрылып жатыр. Таяуда инженерлер бірнеше миллисекунд ішінде өзінің микроархитектурасын кездейсоқ жолмен өзгерте алатын компьютерлік процессор ойлап тапты. Осылайша хакерлер тарапынан төнетін қауіптің бетін қайтара алатын құрал жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы The Conversation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Morpheus деген атау берілген аталған процессор алғашқы қатаң сынақтан сәтті өтті – мыңдаған тісқаққан хакерлерді беттетпеді. DARPA қауіпсіздігін тексеріп көру кезінде. Оқырманға түсінікті болу үшін DARPA-ның не екенін айта кетпекпіз: DARPA — АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективалық зерттеу жобаларының басқармасы. Соңғы 60 жыл ішінде ол метеоспутникке, GPS, дербес (персоналды) компьютерге, роботқа, интернетке, жүргізушісіз автокөлікке, дауыс интерфейсіне айналатын жобалардың катализаторы ретінде алға шығады. 2017 жылы DARPA Мичиган университетінің Morpheus жобасына қолдау білдіріп, 3,6 млн доллар бөлген еді, арада төрт жыл өткен соң процессор дайын болып, сынақтан өтуде. 2020 жылы қатарынан 4 ай бойы DARPA Finding Exploits to Thwart Tampering (FETT) деп аталатын қателіктерді көтермелеу бағдарламасын іске қосқан еді. Алайда, Morpheus жобасына қауіпсіздікті зерттеумен айналысатын 525 кәсіби маман қарсы шыққан болатын. Аталған бағдарлама мақсаты деректерді құрал негізінде қорғауға бағытталған қауіпсіздіктің жаңа жүйесін сынақтан өткізуге саятын. Шын мәнінде, қатесіз бағдарламалық қамтамасыз ету дейтін ұғым жоқ, осы қателіктерді хакерлер өздерінің арам мақсаттарына пайдаланып жатады. Әдетте бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушылар бұл қателікті түзетіп жатады, алайда, болары болып, бояуы сіңіп қойған соң, яғни, хакерлер шабуыл жасағаннан кейін қателікті тауып түзетіп жатады. Компьютер ғұламалары құралдың қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөқл ойнауы мүмкін екенін түсінеді. Хакерлер зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау үшін процессордың  микроархитектурасын зерделейді. Содан кейін барып, зиянды кодтарын енгізеді. Аппарат деңгейінде жүйені бұғаттау хакерлердің әрекетіне тосқауыл қоюы мүмкін. Біржола. Morpheus жобасы бойынша процессор деректердің орналасуы, форматы, мазмұны секілді негізгі ақпараттарды шифрлаудан (құпиялау) бастайды. Мұның өзі жеткіліксіз – хакер бұл кодты бірнеше сағаттың ішінде жілікше шағып, бұза алады. Morpheus-тың ерекшелігі неде – жүйе шифрді әрбір бірнеше жүздеген миллисекунд ішінде ауыстырып тұрады. Хакерлер қандай да бір ілікке қол жеткізген күннің өзінде хакерлер іске кіріскенше ол өзгеріп кетеді. Morpheus жобасының жетекшісі  Тодд Остиннің айтуынша, бейнелеп айтқанда, бұл құрал бірыңғайда рубик кубигіне ұқсайды 

Процессор Morpheus

0 пікір
Мұрағат