Сусамырмен ауыратындардың инсулин үшін өзіне ине шаншу машақатынан құтылатын күнге алыс қалған жоқ
Сусамырмен ауыратындардың инсулин үшін өзіне ине шаншу машақатынан құтылатын күнге алыс қалған жоқ
3 жыл бұрын 2482 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорк университетінің ғалымдары инсулинді иньекция арқылы емес, ішу арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін капсула жасады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.rsc.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш дәрілік құрал клиникалық сынақтан өту үстінде. Мамандардың түсіндіруінше, инсулинді капсула ас қорыту кезінде ыдырап кетпей, қанға өтіп, глюкозамен өзара әрекеттеседі. Капсула металдық-органикалық каркастан тұратын нанобөлшектерден жасалған. Бұл полимерлік материал металл иондары мен түрлі оргникалық қосындылардан тұрады. Қанға өткен соң біртіндеп еріп, органикалық компоненттері глюкозамен және өзге де қанттармен өзара әрекеттесуге көшеді. Қан құрамында глюкоза деңгейі жоғары болған сайын капсуладан инсулин мөлшері соғұрлым көп бөлінеді. Бұл тарапта жүргізіліп жатқан зерттеу сәтті аяқталып, оңды нәтиже көрсетсе, инсулин үшін күн сайын өзіне ине шаншитын сусамыр дертіне шалдыққан науқастарға қолданып көреді. Капсуланың артықшылығы – иньекция кезінде инемен бірге қанға түрлі микробтардың еніп кетуінен қорғайды, иньекция кезіндегі ауырсынуды сезінбейді, жолға шыққанда өзімен бірге шприц секілді дүниелерін өзімен бірге алып жүрмейді, міне, осындай әурелерден құтқарады.

Ұқсас материалдар:

«Сусамырдан құтқаратын инсулиндік рецептор табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrdan-qutqaratyn-insulindik-retseptor-tabyldy-14778/#gsc.tab=0);

«Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/insulinge-taueldi-susamyrdan-qutqaruy-mumkin-janalyq-galymdar-insulindi-istep-shygaratyn-jasusha-jasady-12894/#gsc.tab=0);

«Метазерттеу: аз көмірсутекті диета 2-ші типтегі сусамырды емдейді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/metazertteu-az-komirsutekti-dieta-2-shi-tiptegi-susamyrdy-emdeidi-14708/#gsc.tab=0);

"Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат