Сусамырдан құтқаратын инсулиндік рецептор табылды
Сусамырдан құтқаратын инсулиндік рецептор табылды
4 жыл бұрын 6323 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бета-жасушадан инцептор деп аталатын жаңа инсулин рецепторын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инцепторды бұғаттаса, ұйқы безінің бета-жасушасындағы инсулиндік сигнал жолының сезімталдығын арттырады. Ғалымдар осы жаңалықтың сусамыр дертін әлсірету үшін бета-жасушаның қорғалуын және регенерациясын (қалпына келуін) қамтамасыз ететініне үміт артып отыр. Осы тұста бета-жасушаның не екенін айта кетпекпіз: (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет: Инсулин (лат. insulinum insula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақ-сы жетілген. Бета—безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады.[1]). Аталмыш жаңалық өз кезегінде Германияның Мюнхен қаласында орын тепкен . Гельмгольц атындағы орталықтыі (Helmholtz Zentrum München), Мюнхен техникалық университетінің (Technical University of Munich) және немістердің диабеттік зерттеу орталығының (German Center for Diabetes Research) сусамыр дертін зерттеудегі аса елеулі жетістігі болып саналады. Бұл зерттеуге қатысты материалдың инсулинның ашылғанына 100 жыл және инсулиндік рецептордың ашылғанына 50 жыл толатын осы жылы жарияланып отырғанын айта кету керек. Қант диабеті – аса күрделі ауру. Аталған дерт қан құрамындағы қанттың деңгейін реттейтін ұйқы безінің бір бөлігінің, Лангерганс аралшаларында инсулин түзетін бета-жасушалардың жоғалуымен немесе қызметінің бұзылуымен түсіндіруге болады. Осы тұста Лангерганс аралшалары терминнің мағынасын айқындай кетеміз: (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет: Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары (көне грекше: insuli pancreas; көне грекше: insuli — аралшық, көне грекше: pаn — барлыгы, көне грекше: kreas — ет) — ұйқы безінің гормондар бөлетін ішкі секреция (эндокринді) бөлігі. Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар — инсулощптерден (А, В, D, D , РР) құралған. Аралшықтың орталығында орналасқай В инсулоциттер инсулин гормонын (организмдегі қант алмасуын ретгеуге қатысады, гормон жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы өрбиді), шеткі жағындағы А инсулоциттер глюкагон (инсулинге қарсы әсер етеді) гормондарын бөледі. D инсулоциттер аралшықтардың шеткі жағында орналасқан, сирек кездесетін безді жасушалар. Олардың гормоны А және В инсулоциттердін гормон түзу процесін тежейді. D инсулоциттер тым сирек кездеседі, олардың гормондары қанның қысымын төмендетіп, үйқы безінің сөл бөлу қызметін күшейтеді. РР инсулоциттер гормоны асқазан (қарын) мен үйқы безі сөлінің бөліну белсенділігін арттырады.[1]). Сусамыр дерті кезінде бета-жасушалары инсулин істеп шығара алмайды, істеп шығара алған күннің өзінде бета-жасышаларының осынау гормонға сезімталдығын жоғалтқандықтан тиісті деңгейде пайдаланылмайды. Әдетте сусамыр дерті кезіндегі қан құрамындағы қант мөлшерінің көбейіп кетуінен, зат алмасудың (метаболизм) жетіспеушілігінен, көптеген ағзалардың зақымдалуынан науқас өліп кетуі мүмкін. Бүгінде аталған дертке қарсы тегеурінде қауқар таныта алатын ем жоқ табылмай тұр. Ұйқы безінің бета-жасушаларындағы инсулиндік резитенттік (инсулиндік төзімділік) диабетке ұрындырады. Бета-жасушаларының инсулинге сезімталдығын арттыруға бағытталған терапияның әдісі өз кезегінде пациентті бета-жасушаларының жоғалуынан қорғауы мүмкін екенін алға тартып отыр Гельмгольц атындағы орталық директоры Хайко Ликерт (Heiko Lickert). Ғалымдар инцепторды инсулиндік иньекцияның теріс әсеріндей әсері болмайтын, бета-жасушаны қорғау әрі қалпына келтіруде маңызы зор насына ретінде қарастырып отыр. Бұл бағытта тышқанға арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, инцептор функциясы инсулинді істеп шығаратын бета-жасушаны инсулиндік рецептордың сигналды жолының белсенділігінен қорғайды. Сусамыр дерті кезінде инцептор айрықша белсенділік танытады, ғалымдардың пайымдауынша, оның бұл белсенділігі инсулинге төзімділік танытуының бір себебі болуы мүмкін. Егер инцептор функциясы генетикалық тұрғыдан немесе фармакологиялық тұрғыдан тежелсе, не болады? Ғалымдар бұл сауалдың да жауабын іздеп көрді – моноклоналды антидене көмегімен функциясын бұғаттау арқылы. (Осы тұста моноклоналды антидене терминінің анықтамасын бере кетпекпіз: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет: Моноклональды антиденелер — жеке антиген детерминантына қарсы антиденелер. В — торшалардың бір клонының туындысы. Әртүрлі антигендер арасындағы ең аз айырмашылықты тани алады өйткені олардың тәнділік (спецификалық) қасиеті өте басым. Вирусологияның көптеген салаларында өте жоғары дәрежелі зерттеу құралы ретінде қолданылады.[1]). Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі Ширак Жейн Ансарулланың ( Chirag Jain Ansarullah) айтуынша, бета-жасушалардың инсулиндік сигналдануы мен функциялық массасы артқан. Бұл рецепторды сусамырды, бета-жасушалардың жоғалуы мен дисфункциясын (қызметінің бұзылуын) емдеуге болатынын көрсетіп берген.

Түйін: Осы табаны күректей бір ғасыр бұрын ғылымға инсулиннің не екені белгілі болды. Бұл жайт өз кезегінде аса қауіпті дертті толық ауыздықтамаса да оны тежеуге мүмкіндік берді. Осы жолғы жаңалық та (яғни, инсулинді тежеуші рецептордың ашылуы) сусамыр дертінен біржола құтылуға мүмкіндік беретін маңызды қадамдардың бірі.

Ұқсас материалдар:

«Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/insulinge-taueldi-susamyrdan-qutqaruy-mumkin-janalyq-galymdar-insulindi-istep-shygaratyn-jasusha-jasady-12894/#gsc.tab=0);

«Метазерттеу: аз көмірсутекті диета 2-ші типтегі сусамырды емдейді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/metazertteu-az-komirsutekti-dieta-2-shi-tiptegi-susamyrdy-emdeidi-14708/#gsc.tab=0);

"Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды" (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат