Нанобөлшектер адам жасушасының қартаю процесін тежеуі мүмкін
Нанобөлшектер адам жасушасының қартаю процесін тежеуі мүмкін
4 жыл бұрын 5358 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Италия технологиялық институтының ғалымдары керамикалық нанобөлшектердің белгілі бір жағдайларда жасушаның қартаюын уақытқа тоқтататынына көз жеткізді. Олар антиоксиданттарға немесе дәрумендерге қарағанда әлдеқайда тиімді болып шықты. Ғалымдар мұны былайша түсіндіріп отыр: жасушаның қартаю процесі молекуладағы электрондардың табиғи балансының жоғалуына байланысты орын алады. Бұл тұрақты түрде қайталанатын құбылыс – тіпті, организмнің зат алмасу (метаболизм) процесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, ол жасушаның жағдайына кері әсер етеді әрі жүрек ақауы, бұлшық ет атрофиясы, Паркинсон ауруы секілді түрлі патологияларды тудырады. Ғалымдар түсіндіргендей, мәселен, ғарышкерлер ғарышта қосымша сәулеленуден қышқылдану стресінен аз зардап шегетін болады. Сол себепті, италиялық ғалымдар бұл процесті жер бетінде орнатып көруге талпынып отыр – нанобөлшектер адамға тура осындай қорғаныш әсерін тудырады жер бетінде. Бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар Халықаралық ғарыш стансасында болған үлгілердің жасушаларын керамикалық нанобөлшектермен өңделгендерімен салыстырып көрген екен. Италияның аталған жоғарғы оқу орнының ғалымы Джанни Чиофани атап өткендей, өздері бақылаған эффектінің нанобөлшектердің дәстүрлі антиоксиданттар мен дәрумендерге қарағанда әлдеқайда жақсы жұмыс істейтінін жеткізді. Десе де ғалымдар бұл бағытта одан ары ізденіп, қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

0 пікір
Мұрағат