|
Неке қидырғанда қос фамилия алуға рұқсат берілді
|
Өзбекстанда азаматтарға некеге тұрғанда қос фамилия алуға рұқсат берілді. Бұл туралы елдің әділет министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметтер агенттігі мәлімдеді, деп жазады ernur.kz порталы centralasian.org ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып.
"Жас жұбайларға қос фамилия алуға рұқсат беріледі. Мысалы, күйеуінің фамилиясы Ахмедов, әйелінікі Шухратова болса, некеге тұрар кезде, олар екі фамилияны тең көрсете алады. Атап айтқанда, күйеуі Ахмедов-Шухратов, әйелі – Ахмедова-Шухратова деген фамилия алса болады", - деп жазылған мекеме мәлімдемесінде.
Осыған дейін Өзбекстанда некеге тұрған азаматтар негізінен күйеуінің фамилиясын таңдап немесе әйелі өзінің фамилиясында қалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)