Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
36 минут бұрын 22 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезияның денсаулық сақтау министрлігі мұсылмандарға вейпті пайдалануға немесе сатуға тыйым салатын аталған елдің ғұламалар кеңесінің (MUI) пәтуасына байланысты вейпті таратуға толық тыйым салу жолдарын қарастыратын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия қиыр шығыста, дәлірегі, оңтүстік-шығыс Азия аймағында вейпке діни негізде алғаш тыйым салған ел ретінде тарихта қалатын болды. Қоғамның денсаулығын қорғау мақсатында вейп өнімдеріне бақылауды күшейтпек. Десе бұл елде электронды темекіге қатысты ішінара ереже барын айта кетпекпіз: 2024 жылы қабылданған No 28 үкімет регламентіне сәйкес 21 жасқа толмағандарға вейп өнімдерін сатуға тыйым салынған. 

0 пікір
Мұрағат